Материалы за Мамыр 2017 года » САБИ Материалы за Мамыр 2017 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Үлкен жұмыс!
3 рет көрілді: 74 | 17-05-2017 | Медициналық жоба

Үлкен жұмыс! Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат жазды. Аурухананың реанимациялық жүйелерінің көбісі жоқтығын көре былтырғы жылы біз диагностикалық ультрадыбысты стационарлық жүйесін және науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған екі тыныс алу қоспаларының ылғалдандырғыштарын сыйладық. Бұл аппараттар арухананың жұмысын әрине жеңілдетті, бірақта медициналық жабдықтарының көбісін әлі алу керек болды.

Бір жылдан соң керекті қаражат табылып, №02 Ақмола облыстық ауруханасын заманауи жабдықтармен жабдықтау мәселесіне қайтадан келдік. Соның нәтижесінде қосымша құрама жетегі бар операцияға арналған механикалық акушерлік үстел және сұйықтықпен, тіннің бөлшектерін және газдарды адам ағзасының қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан сорып алатын екі сорғыш табыс етілді. Сорғыштар ауруханаға жеткізілді, енді маусым айының басында операцияға арналған үстел келеді.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры, көптеген адамның өмірін сақтап қалатын, ауадай керекті жабықтарды сатып алуға көмегін тигізген адамдарда алғысы шексіз.

нақтырақ »»
 
"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ
3 рет көрілді: 78 | 12-05-2017 | Жаңалықтар

"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ Aquapoint-денсаулыққа пайдалы су бұлағы

Кеңес Рақышевпен және онын жұбайы ?сель Тасмағамбетовамен басқаруымен «Сәби» Қайрымдылық Қоры су құбырымен өтіп жатқан қарапайым суды тазартатын Aquapoint атты аппаратын шығаруға 20 мың ақш доллар көлемінде ақшалай грант бөлді.

Бұл жобаны Алматының жас тұрғындары Ғалым Байтімбетов және Айжан Есекина ұсынды. Сонымен қатар Назарбаев Университетіде қолдады.

Кеңес Рақышевтың айтуы бойынша Қазакстанда тегін таза су орындары аз. Бұл жобаның қоғамдық жерлерде ауыз су мәселесінің шешілуіне ықпал тигізетіне сенеміз. Ең алдыменен балалар білім ордасынан бастаймыз. Оған қоса бұл аппарат шетелдік тәжірибесінен алынған толықтай қазақстандық жасалынған аппарат.

Aquapoint жай су құбырларына қосылады. Одан әрі су нормаларға сәйкес 3 кезеңді фильтрация өтеді. Содан соң ол суды ішетін фонтаннан арқылы ішуге болады немесе арнайы кран арқылы бөтелкеге толтыруға болады. Пластикалық бөтелкедегі суды қолданбай бір айдың ішінде бір аппарат 1000 астам адамды тегін таза сумен камтамасыз ете алады. Су диспенсерлеріне қарағанда Aquapoint шығынның өтелімділігі бір жылдан аспайды. Жылдан жылға аппарат, сатып алушылардың ақшаларын көбірек үнемдей, аппаратты тиімді қылады.

нақтырақ »»
 
Жеңіс күні құтты болсын!
3 рет көрілді: 96 | 09-05-2017 | Жаңалықтар

Жеңіс күні құтты болсын! 76 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының басталғандығы жөнінде жағымсыз xабар жетіп, жарқын болашақтың қақпасын қараңғылық жапқан болатын. Елін қорғау үшін миллиондаған адамдар елден аттанып, фашизммен күресуде көптеген мемлекеттер бірікті. Ұлы Отан соғысының салған жарасы әрбір адамның жүрегіне қаяу салды.
Сол себепті де Жеңіс күні көптеген Қазақстандықтар үшін қастерлі мереке болып саналады. Елі үшін аямай күресіп, жеңіске жетіп, азаттық алу үшін жанын берген ата-бабаларымыздың ерлік істерін, естеліктерін атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз. Біз жүрегімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлік істерін жадымыздан шығармай, бізге, болашақ ұрпақтарына сыйлаған бақытты өмірі үшін мәңгілік қарыздар болып қаламыз.
"Сәби" қайырырымдылық Қоры барша қазақстандықтарды 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтайды. Және басымызға бейбітшіліктің жарқын аспанын тарту еткен ата-бабаларымыздың ерліктерін жадымызда мәңгі сақтап, ешқашан ұмытпайық. Ешқашанда еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін ешнәрсе қараңғылатпасын.

нақтырақ »»
 
Отан қорғаушылар күнімен!
3 рет көрілді: 70 | 07-05-2017 | Жаңалықтар

Отан қорғаушылар күнімен! 7 мамыр күні Қазақстанда атаулы мейрам - Отан қорғаушылар күні тойланады. Біз бұл күні елдің тыныштығына сеніммен өмір сүру үшін мықты қорған болып, батырлық пен табандылық көрсетіп жүргендердің барлығын құттықтаймыз.
Біреулер Отан алдындағы борышын өтеуге бар өмірін арнайды, басқалары әскерге бару арқылы азаматтық парыздарын өтейді, бірақ бұл азаматтардың барлығын бір нәрсе біріктіріп тұр. Ол - өз еліне деген маxаббат пен жанқиярлық. Ант қабылдау арқылы бұл адамдар Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауға, оның барлық тұрғындарының тыныштығын күзетуге серт береді.
Біз Отан қорғаушылардың барлығын аталмыш мейраммен құттықтап, олардың өз батырлықтарын, ерліктерін, жауынгерлік руxын тек бейбіт күнде танытуына тілек білдіреміз!

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Мамыр 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот