Материалы за Наурыз 2016 года » САБИ Материалы за Наурыз 2016 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды
3 рет көрілді: 176 | 31-03-2016 | Медициналық жоба

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды №02 клиникалық балалар ауруханасы «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан бенефициары. 2007 жылдан бастап біздің Қор бұл мекемеге бірнеше рет көмек көрсетті: бұл жерде біз бөлмерде жөндеу жұмыстарын өткіздік, ойын және оқу бөлмелерін толық жабдықтадық, арнайы жиһаз және құрал-жабдықтар сатыл алдық, оған қоса керекті медициналық жабдықтар алдық.

Қазіргі кезде ауруханаға мемлекет тұрақты қаржылай қамтамасыз етіп жатыр және аурухана жақсы жабдықталған. Бірақ та орталық жүйке жүйесінің және бұлшықет тонусының функционалдық жағдайын және невропатологиялық аурулардың диагностикасын жасайтын электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеу жасайтын арнайы аппарат сынып қалған.

Мемлекетік сатып алу системасы бойынша сатып алу көп уақыт алады. Оған қоса жеткізу мерзімі екі айдай уақыт алады. Бұл жабдық қатты керек болып тұр. Сондықтан «Сәби» Қайырымдылық Қоры медициналық жобасының аясында №2 БҚКА «Нейрон-Спектр-4/П» и "Нейрон-Спектр Видео" компьютерлік комплекс сатып әперуді жөн көрді.

Тапсырысты жеткізушілермен келісім шарт жасалынды. Сөйтіп жаңа ЭЭГ аппаратын жазда іске қосуғы ықпал етеді.

нақтырақ »»
 
«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері
3 рет көрілді: 420 | 25-03-2016 | Ұлылардың дана сөздері

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы. Классикалық даоцизмнің философиялық трактаты «Дао Дэ Цзин» («Жол мектебі мен табиғи күш атты кітап») соның еңбегі деп есептейді, бірақта бұл адамның тарихилығында замануи ғылымның өкілдері күдіктенуде.

Лао-цзы Конфуцидің замандасы және оның қарсы пікір білдірушілері болды, сонымен қатар одан да кем емес қытай мәдениетінің данагөйі. Алайда Лао-Цзыдің тарихилығы күмән тудырсада, даос мектептерінің ішіндегі оған деген құрметін асыра мадақтау мүмкін емес.

Дао ілімін үйренуші шәкірттердің арасында кең тараған Лао –Цзының нақыл сөздері:

Шындық туралы: «Білімді сөйлемейді, ал сөйлеуші білмейді».

Білім туралы: «Білім жоқ, сол үшінде мен ештеңені білмеймін».

Тартыншақтық туралы: «Бұл ізгілікке жетудің алғашқы баспалдақтары, және де адамгершілікке жетудің бастауы».

нақтырақ »»
 
Құрметті қазақстандықтар!
3 рет көрілді: 185 | 18-03-2016 | Жаңалықтар

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Наурыз мерекесін дәстүр бойынша той думанмен, әр-түрлі мерекелік шаралармен тойланады және туған-туысқандар бір-бірімен көрісіп жөн сұрасады. Осындай мереке күнінде ескі реніштер кешіріліп, жақсы тілектер айтылады.

Зор денсаулық, ашық аспан, тамаша көңіл-күй және әрқашанда табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!


?рқашанда сіздің «Сәби» Қорыңыз»

нақтырақ »»
 
«?лемдік» АҚШтың беделді киномектебін бітірді
3 рет көрілді: 157 | 16-03-2016 | «Әлем» бағдарламасы

«?лемдік» АҚШтың беделді киномектебін бітірді 2012 жылы бірінші халықаралық білім грантын «Сәби» Қорының «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы арқылы жеңіп алған «әлемдігіміз», Медет Шаяхметов туралы бірнеше рет жаздық.

Міне енді New York Film Academy оқу орнында 3 жыл оқып «Кинорежиссер» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, Медет әлемнің беделді киномектебінің түлегі атанды!

22 жасында жас режиссер қомақты шығармашылық тәлім алды. Ол әйгілі қазақстанның әртістерімен жұмыс істеді, өз елінде «Q-елі» атты күлкілі сериал түсірді. Ресей әртістерімен бірігіп бірнеше жобалар іске асырды. Сосын ақпанның соңында «ең үздік қысқаметражды фильм» номинациясы боынша АҚШта «Sedona» атты халықаралық кинофестиваліне қатысты. Ешқандай марапатқа иеленбесе де, өзіне керекті тәжірибе мен шығармашылық ой-өріс жинады.

Медетке болашақта табыстарға жетіп және мансабын арттыра берсін дегіміз келеді.

нақтырақ »»
 
Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 93 | 10-03-2016 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Қазіргі сәтте ірге тасын құру бойынша барлық жұмыстар аяқталды, астыңғы қабаттың қабырғалардың және тақта жабының бетондау және арматуралау жұмыстар 60 %-ға жасалынды.

«Сәби» Қорының Өркендеу жобасының аясында тұрғызылып жатқан Алматы қаласындағы 1200 орынды мектебінің құрылысында, бетонның сапасына ерекше көңіл бөлінді және монолит жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаудың қатаң бақылауымен атқарылып жатыр.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Наурыз 2016    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот