Материалы за Қазан 2015 года » САБИ Материалы за Қазан 2015 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Бастау» кинофестивалінің қорытындысы
3 рет көрілді: 207 | 30-10-2015 | «Әлем» бағдарламасы

«Бастау» кинофестивалінің қорытындысы Қазан айының 21 мен 25 аралығында Алматы қаласында Бесінші Халықаралық студенттер фильмдері мен киномектептерінің «Бастау» кинофестивалі өтті. «?лем» Бағдарламасының аясында «Сәби» Қоры осы кинофестивальдің демеушісі болды.

«Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында алматылықтар және қала қонақтары қазіргі жастардың заманауи киносын көруге мүмкіншіліктері болды. Байқауға қатысқан жұмыстардың бағасын Қазақстан, Ресей және Германияның киноөнерінің беделді қайраткерлері халықаралық қазылар алқасы берді.

10 номинация бойынша жеңімпазы болып 4 мемлекеттің жас қатысушылары сайланды. Сондай-ақ арнайы 1 миллион теңгеден ақшалай гранттарымен 2 қазақстандық студенттік жобалар белгіленді. Бұл қаражат өздерінің ұсынып отырған сценарий бойынша қысқаметражды фильмдерді түсіруге арналған.

18 мемлекеттің 40 жуық қонақтар, олардың ішінде белгілі режиссерлер, әртістер, әлем киномектептерінің мұғалімдері мен жетекшілері, сонымен қатар 200 астам студенттер мен Қазақстанның беделді кинематографиялық оқу орындарының түлектері фестивальдің байқауға қатысты емес жұмыстарына белсенді қатысты.

нақтырақ »»
 
Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең
3 рет көрілді: 190 | 26-10-2015 | Білім беру жобасы

Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең Өткен аптада алматыдағы балалар үйінің тәриеленушілеріне біздің Қорымыздың жыл сайынғы ұйымдастырумен Білім беру бағдарламасы аясында өтетін кәсіби бағдарды анықтау тесті жүргізілді.

Балалардың мамандық таңдауға, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, мінезін анықтауға жылдағыдай Ломоносов атындағы ММУ арнайы мамандары даярлаған компьютерлік бағдарлама көмектесті.

Қазан айындағы алғашқы этап балаларға болашақ мамандықтары туралы кеңес беріп, мектеп түлектеріне ҰБТ кезінде таңдаған мамандығы үшін қай пәнге баса назар аудару керектігін түсіндіріп өтті.

Ақпан айында өтетін тестілеудің балалар екінші кезеңін асыға күтуде. Сол кезде «Кім боламын?» деген сұраққа олар анық жауабын алады деген сенімдеміз.

нақтырақ »»
 
?леуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 103 | 21-10-2015 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік жатақхананың құрылысының жобалық – сметалық құжаттамасының (ЖСҚ) әзірленуі жалғасып жатыр.

Қазіргі кезде жер телімінің мемлекеттік актісі дайын, геодезиялық және геологиялық іздеулер жасалынды, жобаның алғашқы сұлбасы бекітілді, керекті барлық техникалық шарттар тиісті мекемелерден алынды және архитектуралық – жобалық тапсырма (АЖТ).

Жер телімін жоспарлау мен тазарту жұмыстары, қоршаудың құрастыру жұмыстары және уақытша ғимараттың тұрғызу жұмыстары басталды.

нақтырақ »»
 
Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы
3 рет көрілді: 325 | 14-10-2015 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу» жобасының аясында тағы бір үлкен жобаның құрылысына кірісті. Бұл Алматы қаласында Наурызбай ауданында, Ақжар ауылының батысында орналасқан, арнайы бекітілген жет телімімен 1200 орынды орта мектеп.

Бұл жоба Алматы қаласы әкімшілігімен жасалынған келісім-шарттың негізінде іске асырылып отыр. Сол келісім шарт бойынша Қор әкімшіліктің беріп отырған жобасы бойынша мектептің құрылысын қаржыландыруын өз мойнына алып отыр. Құрылыс біткеннен кейін мектеп қалаға тегін беріледі.

Қазіргі уақытта жобалық – сметалық құжаттама (ЖСҚ) мемлекеттік тапсырыс бойынша дайын, мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы бар.

Жұмыс жобасы сәйкес, мектеп ғимараты 3,0026 га шаршы жер телімінде орналасады және 10 жуық жер төлесі бар екі – үш қабатты блоктан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 11 625 шаршы метрді құрайды.

1-ші бөлікте бастауыш сыныптарға сырт киім шешетін орын, оқу ісі меңгерушісің бөлмесі, техникалық қызметкерлердің бөлмесі және бухгалтерия орналасады.

нақтырақ »»
 
Ник Вуйчич: Орындарыңыздан қайтадан тұруға қуат табыңыз
3 рет көрілді: 338 | 07-10-2015 | Ұлылардың дана сөздері

Ник Вуйчич: Орындарыңыздан қайтадан тұруға қуат табыңыз Ник Вуйчич – қол-аяқсыз өмірге келсе де әлемдегі сан мыңдаған халықтың шабытын оятқан бірегей тұлға. Ол өзінің өмір сүруге деген шексіз махаббаты мен рухты күшінің арқасында көпшілікті сүйсіндіре білді. Дені сау біздер неге «бақыт» деген ұғымды құрайтын, күнделікті өмірдегі кішкене қуаныштарды елей бермейміз? Ол осы туралы ойлануға еріксіз мәжбүрлейді.

Ник Вуйчич ұзақ уақыттар бойы бақытты болуды үйренуге тырысты және бұл оның қолынан келді. Осы туралы «Шектеусіз өмір» атты кітабында өз құпиясымен бөлісті.

Оның батылдылыққа шақырып, ішкі сенімді оятатын бірнеше нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

нақтырақ »»
 




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қазан 2015    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот