Материалы за Қыркүйек 2015 года » САБИ Материалы за Қыркүйек 2015 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«?лем» өз қарқынында
3 рет көрілді: 179 | 30-09-2015 | «Әлем» бағдарламасы

«?лем»  өз қарқынында «Сәби» Қорының дарынды жастарға қолдау көрсету «?лем» Бағдарламасы табысты қызмет көрсетуде. 110-нан аса әр жас дарынды қазақстандықтары осы жобаның аясында әр түрлі қолдау көрсетілді. 36 жуық жастар еліміздің және шетелді ең беделді ЖОО-да оқу грантына ие болды.

2016 жылы жеті «әлемдктер» оқу орның бітірген туралы дипломға ие болады. Бұл балаларымыз, бүкіл оқу кезеңі бойы өздерін тек қана жақсы жағынан көрсетіп келді, мысалға алса: олардың жоғарғы деңгейлік балдары және әртүрлі байқаулар мен жарыстардағы жетістіктері. Оған қоса, кейбір студенттер қосымша ақша ретінде бос кезінде жұмыс істеп, өздерін кәсіби жұмыстарында сынауда.

Қамқорлығымыздағы балалардың жетістіктерін мұқият қадағалаудамыз және елімізге еңбегі сіңетін нағыз кәсіпкерлерді дайындап жатқанымызға қуаныштымыз.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қоры «Бастау» кинофестиваліне қолдау көрсетеді
3 рет көрілді: 241 | 23-09-2015 | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қоры «Бастау» кинофестиваліне қолдау көрсетеді «Сәби» Қайырымдылық Қоры дарынды жастарды колдау «?лем» Бағдарламасының аясында 2015 жылдың 21 мен 25 қазан айында аралығында өтетін Бесінші Халықаралық студенттер фильмдері мен киномектептерінің «Бастау» («Начало») кинофестивалінің басты демеушісі болды.

Осы фестивальдің негізінде CILECT киномектептерінің Халықаралық ассоциациясы құрылды. Соның арқасында әр мемлекеттің студенттері өз тәжірибесімен алысып жатыр, Америка, Турция, Ресей және тағы басқа мемлекеттерінде сынаудан өтіп, беделді кинофестивальдерде жүлделер ұтып алды. Құрылған қауымдастығының аясында жоғары режиссерлік дәрістер табысты жүргізілуде.

«Бастаудың» басты мақсаты боп қатысушылардың жалпы кәсіби деңгейін дамыту, Азия мен Европаның жас киноматографшылардың арасындағы мәдени алмасуы, олардың жұмыстарын қолдау және жылжыту, әр түрлі жанрдағы кинофильдерді түсіруге қызығушылықты арттыру болып табылады. Фестиваль жас режиссерлер мен сценаристерге өздерінің жобаларын іске асыру үшін бірегей жұмыс алаңын беріп отыр.

Байқауға қатысатын жұмыстардың көрсетілімі бұл жылы үш кунге созылады: Алматы қаласының ірі кинотеатрларында қазан айының 21,22,23 күндерінде көрсетіледі. Кинобәйгеге 50 жуық қысқаметражды жұмыстар қатысады.

нақтырақ »»
 
Ақтобе қаласында спорт алаңы қолданысқа берілді.
3 рет көрілді: 153 | 16-09-2015 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ақтобе қаласында спорт алаңы қолданысқа берілді. «Сәби» Қоры «Спорт жобасының» аясында Ақтобе облысының Жастар үйінде спорт алаңының құрылысын аяқтады.

Бұл нысан Ақтобеде екінші ал Қазақстан бойынша отыз екінші болды. Сөйтіп біздің Қор келешек ұрпақтың дамуына өз үлесін қосып отыр.

Жан жағы қоршалған және жарықталған, қауіпсіз резеңкелі төсем орнатылып профессионалды белгілермен боялған волейбол, футбол, баскетбол ойнауға арналған көпфункционалды алаңы Жастар үйінің түлектеріне керемет сыйлық болды.

Енді сіздерден жаңа жетістіктерінңізді күтеміз!

Фотосуреттер мында.

нақтырақ »»
 
Шоқан Уәлиханов атындағы көше
3 рет көрілді: 396 | 10-09-2015 | Өңтүстік астананың көшелер

Шоқан Уәлиханов атындағы көше Қазақтың таланты ғалымы Шоқан Уәлихановтың құрметіне Алматы көшелерінің бірі аталды. 3,5 шақырымға созылған көше қаламыздың солтүстік – батысында Пушкина мен Қонаев көшелерінің арасында орналасқан және көше Райымбек даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін өткізілген.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 – 1865) – ұлы қазақ шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фолькролист, аудармашы, журналист, саятхатшысы 1835 жылы қазіргі Қостанай обласының Құсмұрын бекетінде дүниеге келді

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайындағы Айғаным әжесінің қожалығында өтті. Оның әкесі Шыңғыс, аға – сұлтан, атасы Уәлихан, ал арғы атасы Абылай хан.
12 жасында Шоқан омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Сол кезде ол Сібірдің ең беделді оқу орны болған. Кадет корпусында ол қызығып оқыды және екі – үш жылдың ішінде құрбыларын оқуда қуып жетіп қана қоймай олардан озып түсті.

1852 жылы Шоқан ?.Н. Березин шығыстанушысымен танысып және оның тапсырысымен «Хан жорықтары» атты мақала жазады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. 14-15 жасар Шоқан туралы сол кезде мұғалімдер бұл бала ғалым болады деген.

нақтырақ »»
 
Жаңа математика жылы басталды
3 рет көрілді: 199 | 08-09-2015 | «Әлем» бағдарламасы

Жаңа математика жылы басталды Жаңа оқу жылының қарсаңында «?лем» бағдарламасының аясында «Сәби» Қорымен ұйымдастырылған алғыр математиктер курстары басталды.

Қамқорлығымыздағы балалар бірінші жылды өз жетістіктерімен қуантты: үшеуі Алматының ең озат мектептеріне қабылдау емтиханттарын сәтті тапсырды. Гура Максим РМФМОМ?-на, Төлепбек Темірлан №134 Гимназиясына түсті, ал Дәутәлі Аяжан Назарбаев зияткерлік мектебіне түсті. Тағы бір оқушымыз НЗМ-не математикадан емтиханды тапсыра алды, бірақ ағылшын тілінен кішкене ғана балдар жетіспей осындай беделі мектептің оқушысы болып атана алмады.

Біздің балалар тамаша білімін жыл бойы білім орталағының аясында өткізген байқауда көрсетті. Сол байқаулардың нәтижесінде 3 жас математиктерімізді олимпиадалық құрамасына қосу туралы шешім қабылданды. Енді олар матемаатикадан және физикадан олимпиадаларға қатыстырылады.

Сонымен бірінші жыл артта қалып екінші «математика» жылы жылы басталды. Келер жыл балаларға былтырға қарағанда табысы кем болмайды деп сенеміз.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2015    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот