Материалы за Маусым 2015 года » САБИ Материалы за Маусым 2015 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады
3 рет көрілді: 309 | 25-06-2015 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады«Сәби» Қайырымдылық Қоры батыста өзінің белсенді жұмысын жүргізуде. Жақында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің түлектеріне арналған ?леуметтік жатақхананың құрылыс жобасы басталды.

Ал енді шілде – тамыз айларына актобенің арнайы түзету № 7 мектебінің тәрбиленушілеріне балалар ойын алаңы салу жоспарлануда. Бұл нысан Қордың Спорт жобасының аясында салынады және нысанның тарихында 31-ші болады.

нақтырақ »»
 
Жұмақан Кудерин атындағы көше
3 рет көрілді: 383 | 23-06-2015 | Өңтүстік астананың көшелер

Жұмақан Кудерин атындағы көше Жұмақан Кудерин атымен аталған көше туралы бірнеше рет естідік, бірақта сол көшенің нақты қай жерде орналасқанын және Райымбек көшесінен Рыскулов даңғылына дейін Розыбакиев көшесінің жалғасы болып кететінін және ұзындығы 1,5 километр болатынын білетіндер шамалы.

Кудерин Жұмақан Маусымбайұлы (1891 (әлде 1893) – 1938) – ағартушы, ғалым – энциклопедияшы, географ, этнограф, биолог.

Ортааягөздің Жетісу болысында, бай жанұяда дүниеге келді. Кудериннің тегі ертеден келе жатқан және Жетісуде құметті болды. Кудери (күдері) деген Жумақанның атасының жері, қазақша аударғанда жұмсақ тері деген мағынаны білдіреді.

Бұл тектің жігіттері бірнеше ұрпақ бойы сауатты болды, билермен яғни төрешілермен тегінің одағында сайланды. Жұмақан өзінің үлкен туыстарының жолық қуған жоқ. Жұттың кесірінен жанұясы қайыршылық күйге түсті сөйтіп он жасында жалдамалы жұмысшы болуға мәжбүр болды. Кейінірек Сергиополь қаласының мұсылман мектебінде, «Ғалия» медресесінің үлгісінде салынған «Мамания» мектебінде, Көксу ауыл шаруашылығы мектебінде оқыды.

1918 жылдан РКБ(б) мүшесі болды, түрлі жер қатынастары органдарында жұмыс істеді. 1920 жылы Төтенше комитеттің «Черкасск қорғанысы» деп аталатын, Жетісудің Колчак әскерлеріне қарсылық көрсеткен ауыл тұрғындарына қатысты негізсіз жүргізген қудалау шараларына наразы болғандығы есепке алынып партия қатарынан шығады.

1924-1930 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінде (САГУ) оқыды, бір мезгілде курстарда, ликбездерде дәріс оқыды; Түркістан аумағының табиғи ресурстарын зерттеу жөніндегі үш ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты.

«Қытайдағы қазақтарды қайтару жөніндегі комиссияның» жұмысына араласты, оның қатысуымен 6000 отбасы Отанына оралды. 1928 жылы ҚазАКСР-дің жер қатынастары комиссары лауазымында болды. Ж. Кудерин 44 жыл жасаған өміріне дейін 44 кітап жазды. «?ліппе» кітабының авторы болып келеді (1919), жаратылыстану пәндерінен бірнеше кітаптар жазған (соның ішінде «Ботаника» қазақ тілінде араб әріптерімен), қазақтар жайлы этнографиялық еңбектері жарық көрді («Қытайдағы босқындар өмірі», «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар») және биологиялық зерттеулер («Кендір», «Қой мен оның жүні», «Қант қызылшасы», «Орта Азиядағы жыландар түрі»)

Ж.Күдерин ғалым биолог ретінде де көп іс тындырды. 1930 жылы ол бір модалық қарасораны ойлап тапты. Ол кезде оны тал жіп және май алу үшін өндіретін. Бірақ Күдерин өз жаңалығының нәтижелерін пайдалануға үлгермеді. Өйткені, ғалым тұтқынға алынып, қолжазбалары тәркіленуі себепті, аталмыш еңбектің кейбір бөліктері жартылай ғана жарық көрді.

Жұмахан Күдерин 1930 жылдың 1 қыркүйегінде Ташкент жанындағы агростанцияда, «ұлтшыл» деген айыппен ұсталды. Ғалым онда Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен соң тәжірибе жұмыстарымен шұғылданып жүрген болатын. Осыдан жарты жыл бұрын, 1930 жылдың ақпанында әкесі мен әулеттің барлық ер-азаматтары да тұтқындалған еді (кешірек оның ағалары қамаудан қашып Синьцзянға кетуге мәжбүр болды).
«Буржуазияшыл ұлтшылдардың» іс-әрекеттеріндегі қылмыс дәлелденбеді де, іс Москваға жіберілді. Онда да олардың кінәсіне қатысты нақтылы дәлелдер табылмады. Содан келіп барлығын үйлеріне босату туралы ұсыныс болды. Дегенмен Қазақстандағы ОГПУ өкілі бұған қарсы шығып, олар ОГПУ-дың бет-беделіне нұқсан келтіреді деген сылтаумен барлығын Ресейге айдауға жіберуді ұсынды. Сөйтіп, ғалым ОГПУ жанындағы Үштіктің 1932 жылдың 20 сәуіріндегі қаулысымен 5 жылға сотталды. Айдау орны Орталық Қаражер облысы (Воронеж және Льгов) болып белгіленді. 1932 жылы Жұмахан Күдерин Льгов қаласына 5 жылға әкімшілік айдауға жіберілді, кейіннен сырқатына байланысты, дәрігерлердің бақылауымен, Воронеж қаласындағы ауруханаға ауыстырылады. Диагноз анықталмайды, бірақ айдау мерзімі бір жылға қысқартылады. 1934 жылы айдау мерзімі бітеді. Жұмахан жаза мерзімінде агроном болып еңбек етеді.

1935 жылы отбасымен Алматы қаласына қайтып оралып, Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып қызметке тұрады. 1936 жылы Ж.Күдерин соттылығы бар тұлға ретінде жұмыстан босатылады. Сол жылдары Кудерин орыс ақынымен, прозашы, әдебиетші және журналист Ю Домбровскимен танысып дос болды, сонымен қатар келесі қамауға дейін орыс-латын-қазақ сөздігімен белсенді жұмыс істеді.

Ж.Күдерин екінші рет 1937 жылдың 21 мамырында ұсталып, түрмеге отырғызылды. Оны антикеңестік, ұлтшыл, аумақтық көтерілісшілер және диверсиялық-шпиондық ұйымның жетекшісі ретінде тұтқындайды. Күдеринге қатысты дербес іс қозғалады. Ол РСФСР ҚК 58-2, 7, 8, 11 баптары бойынша айыпталды. Тергеуді Алматы облыстық НКВД-нің жедел уәкілетті тергеушісі В.Я. Якупов жүргізді. Оның тұтқындар арасында «өлім періштесі» деген жасырын аты болған, себебі ол жүргізетін істердің барлығы өлім жазасына келіп тірелетін. Жұмахан Күдерин 1938 жылдың 7 наурызында сотталды. КСРО Жоғарғы Сотының көшпелі сессиясының қаулысымен ең жоғары жазаға кесілді. Сол күні атылды.

Жұмақан Кудерин қайтыс болғаннан кейін 1958 және 1990 жылдары ісінде қылмыстық белгісі жоқ деп екі рет тұтқындалған үшін ақталды.

Жұмақан Кудерин атындағы көше Кудериннің қызы Лариса (1938 жылы туылған), Москва қаласында, Подсосенское көшесінің ескі үйдің астында қуғынға ұшыраған ғалымдарға арнап «Балалар – ата-аналарына» атты мұражай ашты. Кішігірім көрмеде ғалымдарға қатысты фотолар, құжаттар, кітаптармен суреттер қойылған.

http://semeylib.kz/?page_id=2880&lang=ru сайтынан материалдың аудармасы.

нақтырақ »»
 
Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы
3 рет көрілді: 414 | 17-06-2015 | «Әлем» бағдарламасы

Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы Жыл сайын мелекеттік тілде өткізіліп отыратын ақындар мүшайрасының қортындысын «Сәби» Қоры бесінші рет жариялайды!

Бұл жылы ақындық қабілетін Қазақстанның бірнеше аумағының жас дарындар сынап көргісі келді. Өтінімдердің көбісі Қызылорда, Атырау, Астана және Шымкент қалаларынан. Қатысушылардың жасы 11-ден 17-ге дейін болды. Жас ақындарымыз өздерінің өлеңдерінде туған елі туралы және табиғат пен махаббатқа деген сезімін көрсетті.

Сонымен 2015 жылғы Бесінші ақындар мүшайрасының басты жүлдесінің иегері болып Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан селосының № 24 орта мектебінің оқушысы 12 жасар – Жаулыбай Нурбек атанды.

Шын жүректен құттықтай отырып, жеңімпазға басты жүлде ретінде ноутбук сыйға тартамыз! Нурбекке табыс тілейміз және де өзінің шығармашылық қабілетін одан ары жетілдіре берсін дегіміз келеді.

нақтырақ »»
 
«Алғыр» математиктер курсы. Бірінші жылдың қорытындысы
3 рет көрілді: 360 | 12-06-2015 | «Әлем» бағдарламасы

«Алғыр» математиктер курсы. Бірінші жылдың қорытындысы «Сәби» Қорының «?лем» Бағдарламасының аясында Алматының 10 оқушыларына «Алғыр» математиктер курсының алғашқы оқу жылы аяқталды.

Күрделі іріктеудің арқасында таңдап алынған балалар 5 жыл бойы оқитын болады. Алғашқы оқу жылынан бастап біздің балаларымыз математиканың көрсеткіштерін ұлғайтты. Сегіз бала мектепте математикадан «5», а қалған екеуі төрт алды.

Балалардың ішінде, осы жылы алтыншы класты бітірген бір оқушының дарындылығын ерекше атап өткіміз келеді. Біз оны «вундеркинд» деп атадық. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі ?лібаев ?кежан группада ең кіші болса да 8 сыныптың есептерін оп-оңай шығарады. Бұл бала Назарбаев Зияткерлік мектебінде тестілеуді сәтті өтіп оқушылар қорының тізімінің алдынғы беттерінде тұр. Тікелей НЗМ-не түсу үшін орыс тілімен ағылшын тілінен керекті балдары төменірек болып қалды.

Оқытып жатқан орталықтың мұғалімдері «Сәби» Қорының қамқорлығындағы барлық балаларға риза болып отыр. Өйткені олар бұндай маңызды процеске үлкен жауапкершілікпен жақындады оған қоса көп еңбек етті және сабақтарынанда қалған жоқ. 8 ай ішінде балалар өздерінің сүйікті пәнін одан ары меңгеру үшін берік іргетасын қалады.

нақтырақ »»
 
«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл
3 рет көрілді: 413 | 09-06-2015 | Білім беру жобасы

«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл Алақай-алақай! Біздің Қордың күшімен ұйымдастырылған ҰБТ-ға арнайы дайындықтар курсы емтихандармен аяқталды! Біз олармен тестілердің қорытындыларын аса құштарлықпен күткен болатынбыз, енді міне балалардың барлығы дерлік шектік ұпайдан өтті. Ең бастысы жетімдер үйінің және интернаттың түлектерінің 8 ай бойы дайындықтары зая кетпеді. Кейбір балалардың таңдаған ЖОО-ның мемлекеттік грантына ілінуіне де мүмкіндік туылып отыр.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Маусым 2015    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот