Материалы за Сәуір 2015 года » САБИ Материалы за Сәуір 2015 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Томас Алва Эдисон – тереземнің жарығы
3 рет көрілді: 402 | 30-04-2015 | Ұлылардың дана сөздері

Томас Алва Эдисон – тереземнің жарығы Американың тарихында Томас Эдисоннан (1847-1931) асатын ойлап тапқыш болған емес. Жалпы санағанда ол 1000 аса АҚШта және 3000 жуық басқа елдерде патенттелген өнертабыстардың авторы. Бірақта бұндай жетістіктерге жету үшін ол өзінің шын көңілден айтылған сөздері бойынша, бірнеше мыңдаған сәтсіз ғылыми тәжірибелер жасады. Эдисон көзі тірі кезінде телеграфты, телефонды жетілдірді, микрофонды ойлап шығарды, фонографты ойлап тапты және ең бастысы өзінің қызу лампасымен Американы, содан кейін бүкіл әлемді жарықтандырды.

Ол бала кезінен бастап тәуелсіз болды. Ақша керек болған кезде, алып-сатумен айналысты – кәмпиттер, газеттер, жемістерді сатты. Сосын балаларды сатушы ретінде топқа шақырды, ал олар сатудан түскен түсіммен онымен бөлісті.

1878 жылы Томас Эдисон қызу лампасының өнеркәсіпке енгізумен айналыса бастады, соның арқасында үлкен атақтылыққа ей болды. Шамның өзі оның өнертабысы болған жоқ (бұл жерде басымдылық Александ Николаевич Ладыгин мен Павел Николаевич Яблочковқа ие болды), бірақ ол электротаратқыш системасы пен қызу шамының алғашқы рет бірлесе үнемді жұмыс істей алатын шамның түрін ойлап тапты. Эдисонның жарықтандырғышы сол кездегі газбен жұмыс істейтін жарықтандырғышымен бәсекелесе алатын еді. Электр қуаттын тәжірибелік қолданысын кеңейту үшін бұның маңыздылығы шамның ойлап табылғанынан кем болған жоқ. 1873 жылы мыңдаған тәжірибелерден кейін ол 40 сағат жанатын көмір сымды шамды ойлап шығарды. Ол тұрақты тоқ генераторын, электр беру сызығын және электр желісін құрастырды, сәл кешірек үшсымды жүйесін құрастырды.

нақтырақ »»
 
?сел Тасмағамбетова, «Сәби» қорының президенті
3 рет көрілді: 492 | 24-04-2015 | Жаңалықтар

?сел Тасмағамбетова, «Сәби» қорының президенті
Қор жайлы, қызметім және өзім туралы[/i]

[b]«Сәби» қайырымдылық қоры[/b] діттеген мақсатқа жету жолында 13 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. Бұл аз уақыт емес әрине. Аталмыш қор демеушілер мен филантроптардың арқасында уақтылы қаржыландырылып, сенімді серіктестік орнатқан. Жүйелі мәселелерді шешетін біздің жоба бағытын оң жолға қойды деуге толық негіз бар.

Сондай-ақ, Қор көмекке мұқтаж адамдарға қол созып, насихатты, атақ пен мансапты не пайда табуды көздемейді, көксегені де бұл емес. Бар болғаны, жәрдемге зәру жандардың асқақ арманының орындалуына титтей де болса септігін тигізе алса, бізге одан асқан бақыттың керегі жоқ. Өйткені, адамгершілік- ізгі қасиет. Қиналған адамға «ізгілік» нұрын шашады емес пе?...

Неліктен біз мұндай іспен айналысатынымыз жайлы айтар болсам, біреу біреуге сүйеу деген сөз бар ғой... Жақсылық жасау - сауапты іс болса, қайырымдылық та қадірлі іс. Сондықтан қай уақытта да өз жұмысыма аса жауапкершілікпен қарайтынымды жасырмаймын. Жастарды жігерлендіру, сапалы білім алуына жағдай жасау, қанатының құлаштап кеңге жаюына мол мүмкіндік беру арқылы жаныма жақын жұмысымнан ләззат аламын. Өйткені, адам тек отбасы мен жақындарына ғана емес, қоғамына, қоршаған ортасына да [b] махаббатпен, ілтипатпен қарауы керек.

Жаңа істі бастарда тамсандырмай қойматын, кез келген адамды алған ұмтылдыратын үнді философы және ойшылы [b]Свами Вивекананданың[/b] мынадай қанатты сөзі бар:

[i]«Сіз біреудің қайғысына ортақтасасыз ба? Егер иә болса, сіз бен біздің бірлігіміз артады, ал егер олай болмаса, қанша жерден зиялы болсаңызда, түкке тұрмас бейшарасыз. Ал керісінше өзгенің мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алсаңыз сіз бірде бір кітап оқымасаңыз да, көп тіл білмесеңіз де дұрыс жолда жүргеніңізді қаперде сақтаңыз»[/i].

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қайырымдылық Қоры 13-ке толды
3 рет көрілді: 468 | 20-04-2015 | Жаңалықтар

«Сәби»  Қайырымдылық Қоры 13-ке толды «Сәби» Қайырымдылық Қорының өзінің 13-ке толған күнін атап өтуде!

Осы жылдар ішінде қаншама жұмыстар атқарылды! Егер өткен шаққа қарасақ, іске асырылған жобаларымыздың барлығын мақтанышпен еске аламыз, кейбіреулері еліміздегі қайырымдылық қозғалысының тарихында алғашқы рет жетілдіріп және орындалып отыр.

Мысалға сондайдың біреуі болып «Мүгедектерге - лайықты өмір» атты жобаны айтуға болады: Қазақстанның 20 қаласын мүгедектерге арналған арбаны қолданатын қозғалысы шектеулі адамдарды тасуға арналған 62 арнайы көліктері аралап жүр. Көліктердің бәрі Қордың көмегімен сатып алынып, жергілікті мүгедектер қоғамдарына сый ретінде тапсырылды.

Қызылорда қаласында 60 орынды Сәби үйі тұрғызылып қолданысқа берілді. 2 – қабатты 3 корпусты 1717 шаршы метрлі ғимарат 4 жасқа дейінгі жетім балалардың қолайлы өмір сүру үшін салынып және толықтай жабдықталынды. Мекемеде облыстағы жалғыз ғана сертификатталған ерте даму «Монтессори» орталығы ашылды. 0,7 га жердің көгаландыру жұмыстары «Сәби» Қорымен жасалынған. Сонымен қатар сәбилерге арнайы үлкен ойын алаңы мен үсті жабылған жазғы павильон салынды.

нақтырақ »»
 
«Жасөспірімдер» жобасы тағы бір қатысушымен толықтырылды.
3 рет көрілді: 229 | 15-04-2015 | «Жасөспірімдер» жобасы

«Сәби» Қорының «Жасөспірімдер» жобасы оңтүстік астанымыздың жетім балаларының өз үлесін, әр түрлі себептерге қатысты мемлекеттік бағдарламасына қатыса алмағандар армандаған пәтерлерін жеңілдік шарттармен сатып алуға мүмкіндігін беріп әлеуметтік бейімделу жүйесіне қосып отыр.

Жобаның кезекті қатысушысы болып алматы балалар үйлерінің бірінде тәрбиеленген бұрынғы түлегі болды. Жасына байланысты (30 толған) мемлекеттік тұрғын үйлердің таратуына өтпей қалғанына байланысты еңсесі мүлдем түсіп қалды.

Бірақта ол өзінің «бақытты билетін суырып алып үлгерді» және бір бөлмелі пәтердің құнының 50 пайызының шамасындағы Қордың төлеп отырған алғашқы салымның арқасында көп күтпей өз шаңырағына ие болады.

нақтырақ »»
 
Ақтобе қаласында әлеуметтік жатақхананың салынуы
3 рет көрілді: 421 | 08-04-2015 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

«Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу жобасының аясында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, денсаулығының ауытқуына бейімделген ?леуметтік жатақхана құрылысын салуды бастады.

Бұл шешім Ақтобе қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органдарына арнайы іс-сапаралармен кеңестердің нәтижесінде, деректердің талдауының нәтижесінде сонымен қатар Ақтобе облысы мен қаласының әкімдерімен келіссөздер жүргізілген кезде және олардың қолдаумен біздің ынтамыз қабылданды.

Алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ақтобе облысында тек қана бір Жастар үйі жұмыс істейді, сол үйге облыстың интернаттық мекемелерінен кейін әлеуметтік бейімделу мақсатымен ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар түседі. 1971 жылы салынып сапасы жағынан және табиғи әбден ескірген ғимарат, 100 орынға арналған, бірақта балаларды облыстың әр түкпірінен үздіксіз қабылдап толып кеткен. Бос орындардың тапшылығынан басқа балалар үйлерінің түлектерінің ерекше бір мәселесі бар ол дамуының шектеулігінде, сондықтан оларға бөлек тұру керек сосын әлеуметтік бейімделу уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ және әрдайым әлеуметтік – психологиялық сүйеуде қажет. Осындай балалар санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа ғимараттың салынуы өткір қажет облып тұр.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Сәуір 2015    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот