Материалы за Тамыз 2014 года » САБИ Материалы за Тамыз 2014 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Құрметті отандастар, Конституция күні құтты болсын!
3 рет көрілді: 156 | 29-08-2014 | Жаңалықтар

Құрметті отандастар, Конституция күні құтты болсын! «Сәби» Қайырымдылық Қоры барша қазақстандықтарды - Қазақстан Республикасының Конституция Күні мемлекеттік мейрамымен құттықтайды!

Біздің еліміз демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып келеді, біз егеменді мемлекеттің азаматтары, бұндай таңдауды 19 жыл бұрын жаңа Конституцияға дауысымызды бере отыра жасадық.

Еліміздің басты байлығы мен дәулеті қоғамдық ауызбіршілігі мен халықтың бірлігінде. Соның арқасында экономикамызбен әлеуметтік аямызды дамытып, өзіміздің халықаралық беделімізді арттыра отыра елімізді тек қана алға бастырамыз.

Барлығымызға осындай маңызды күнде, шын жүректен зор денсаулық, бақыт және береке тілейміз!

Осындай мерекелі күн біздерге отанымыздың алдында қойылған мақсаттарға жету үшін күш пен батылдық берсін!

нақтырақ »»
 
Қазақ спортының тағы бір үміткері
3 рет көрілді: 93 | 27-08-2014 | «Әлем» бағдарламасы

Сочи қаласында өткен Қысқы олимпиада ойындарында Денис Теннің таңқалдырарлық жеңісінен кейін отандастарымыздың мәнерлеп сырғанауға деген көңілі арта түсті. Осы дарынды жігіттің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында мыңдаған қазақстандықтар өздерінің конькиден алғашқы қадамын жасады.

Осындай қуанышты сәттер жиі- жиі қайталанып тұрса жақсы болар еді. Сондықтан қыркүйектің 3 - 6 дейін Чехияның Острова қаласында юниорлар арасында өтетін Гран При жарысына Панихин Артурдың қатысуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Конькишілер Одағы қаржылай көмек беру өтінішіне біз ойланбастан жауап бердік.

«Сәби Қайырымдылық Қоры» тебуші мен жеке жаттықтырушының ұшақпен ұшып қайтуы, көлікпен жүру шығыны, тұрушылығы және тамағы жағынан барлық шығындарын өтеді. Енді біздің спортшы 68 елдің ішінде «Ерлер ішіндегі конькиден жеке сырғанау» номинациасында Қазақстанды таныстырады.

Артур мәнерлеп сырғанаумен 10 жыл бойы айналысып келеді және жақсы нәтижелер көрсетуде. Нәтижелері ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылдың жасөспірімдер арасындар арасындағы біріншілігінің алтыны және 2013 жылдағы күміс жүлдесі.

Біз Артурдың, халықаралық жарыста өзін тамаша көрсетіп, үмітімізді ақтап 10 бал алатына сенімдіміз!

нақтырақ »»
 
Өзгеге көмектесе – өз жолыңды ашасың
3 рет көрілді: 149 | 20-08-2014 | Терминалдар

Өзгеге көмектесе – өз жолыңды ашасың ?лемдегі ең бай адам Джон Рокфеллер былай деуші еді - «Адамға ақша үшін емес, шын жүректен көмектес. Табасыңның 10 пайызын қайырымдылыққа жұмса».
Өмір деген бумеранг сияқты, бергеннің бәрі қайтып келеді. Бұған мултимиллонердің табысға жету тарихы куә.

Жақсылық деген үйіліп келеді. Ақшалай немесе басқада қазына байлық ретінде болмасада, шын жүректен айтылған алғыс ретінде. Бұл деген әлдеқайда маңызды емеспе!
Бізде біздің қайырымды адамдарымызға РАХМЕТімізді айтамыз, өйткені олар төлем терминалдарын қолдана «Сәби» Қорының шотына ақшалай қаражат аударып отыр.

Сенім артқаныңызға ризашылығымыз зор! Сіздердің тиынға дейін барлық ақшаларыңыз мұқтаж адамдарға игілігіне жіберіледі.

«QIWI» төлем терминалдарының қасынан өтіп кетпеңіздер, «Сәби» Қорын таңдап адамға деген қуанышыңызды сыйлаңыздар!

нақтырақ »»
 
Біздің заманымыздың алып қаһарманы
3 рет көрілді: 530 | 18-08-2014 | Бағы жанғандар

Біздің заманымыздың алып қаһарманы Шава́рш Влади́мирович Карапетя́н – кеңес спортсмені, су астында жүзу бойынша 11 дүркін рекордшысы, 17 дүркін әлем чемпионы, 13 дүркін Еуропа чемпионы, СССРдің жеті мәрте, СССРдің еңбегі сіңген спорт шебері. Ресей су астында жүзу қауымдастығының құрметті Президенті. «Құрмет Белгісі» орденімен сондай ақ Халықаралық олимпиялық комитетінің «Адал ойын үшін» құрмет белгісімен марапатталған.

Өмірбаян орыс тілінде берілген

Карапетян родился 19 мая 1953 года в городе Ванадзор. В 1964 году вместе со своей семьёй переехал в Ереван, где окончил 8 классов средней школы и автомеханический техникум. В 1975—1976 годах проходил военную службу в одной из частей Бакинского округа ПВО. В 1991 году переехал в Москву.

6 октября 2013 года в Москве Шаварш Карапетян в первой пятёрке принял участие в эстафете олимпийского огня Сочи-2014. Когда по неизвестной причине огонь погас, Карапетяну повторно была доверена честь пробежать один из этапов эстафеты олимпийского огня.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Тамыз 2014    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот