Материалы за Шілде 2014 года » САБИ Материалы за Шілде 2014 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!
3 рет көрілді: 289 | 31-07-2014 | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!«Сәби» Қайырымдылық қоры жас дарындары қолдау «?лем» Бағдарламасының аясында алғыр математиктерді тегін оқыту тобына қабылдау жариялайды. Орта мектептің 7 және 8 сынып оқушылары шақырылады. Сабақ 5 оқу жылы бойы аптасына 2 рет жүргізіледі. 

Қатысушыларды іріктеу байқау негізінде жүргізіледі. Математика саласындағы жетістіктеріңізді (үлгерім тізімдемесі, мақтау қағазы, сертификаттар және т.б) баяндап өтінімдеріңізді saby@saby.kz электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.

Қатысушының өтініші
1. Аты - жөніңізді толық жазыңыз
2. Қай мектепте оқисыз?
3. Тұрып жатқан мекен-жайыңызды көрсетіңіз
4. Соңғы жылдағы бағаларыңызды көрсетіңіз (үлгерім тізімдемесінің сканерден өткізген көшірмесін тіркеу керек)
5. Математика саласындағы жетістіктеріңізді көрсетіңіз (мақтау қағаздар мен сертификаттарды тіркеу керек)
6. «Сәби» Қоры жайлы қай жерден білдіңіз ?
7. Сізге математика не үшін қажет?

нақтырақ »»
 
Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 234 | 30-07-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Жетім және әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасы түріндегі Балалар ауылының салынуына «Сәби» Қайырымдылық Қорына Астана қаласында жер учаскесі бөлінгені туралы хабарлағанбыз. Қазіргі кезде біздің қызметкерлеріміз соған қатысты керекті құжаттарды дайындауда.

Оған қоса, құрылысқа жоспарлау мен дайындық кезеңінде көптеген мәселелерді шешу керек болып отыр. Соның бірі – учаскіде инженерлі-геодезиялық және геологиялық іздеулер жүргізу. Казіргі кезде бұл жұмыс орындалды. Топографиялық түсіру мен жер құйқасын зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған барлық ақпарат келесі кезең болатын жоба-смета құжаттамасын жасау үшін аса маңызды.

Хабарларымызды қадағалап отырыңыздар

нақтырақ »»
 
Басенов атындағы көше
3 рет көрілді: 554 | 23-07-2014 | Өңтүстік астананың көшелер

Басенов атындағы көше Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы атымен Тимирязев көшесінен оңтүстікке қарай және Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.

Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976)

Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған.

нақтырақ »»
 
Сәбилер үйінің тынысы
3 рет көрілді: 450 | 17-07-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Сәбилер үйінің тынысы Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен салынған жаңа үйде тұрып жатқанына екі жаз болды. Жетім балалар үшін бұл үй тура мағынасында оларға жылылық пен жайлылық сыйлаған туған үйіне айналды, оған қоса сәбилердің ойларынан ескі үйдің қызықсыз дымқыл бөлмелері ұмытылды.

Балалардың жаңа қабырғаларда өмірінің қаншалықты жақсарғанын қадағалау біздерге аса қуанышты. Бұдан басқа бүлдіршіндерге таза ауада демалыс аймағын қалай ұйымдастырамыз деген сұрақ ойымызды мазалады. Басында құрылыс жобасының алғашқы кезеңінде жер учаскесін көгалдандыруға көп көңіл бөлінді, өйткені сәбилерге арналған мекеме жас көшеттерден қоршау жасалынып іргелес жатқан аймақтардан және көшелерден барынша алшақ болу керек. Бір өзгешелік болды, ол жергілікті климат және топырағының құнарсыздығы өнгіштігімен аса қуанта алмайды.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Шілде 2014    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот