Материалы за Маусым 2014 года » САБИ Материалы за Маусым 2014 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл
3 рет көрілді: 252 | 26-06-2014 | «Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл Үш жыл бұрын біздің Қайырымдылық Қор сайттың беттерінде «Сәби», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Жасөспірімдер» атты пилотты жобаның тұңғыш қатысушысының арасында үш жақты келісім шарттың жасалғанын жариялады.

Қазіргі уақытта біз нәтижелерге ризамыз: төртеуі өз үйінің иесі болып атанды, соның үшеуі Алаты қаласының жаңа ауданында салынып жатқан үйден «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» пулы бойынша пәтер алды. Таяуда үй қолданысқа беріледі және жаңа үйге көшу сериясы өзін көп күттірмейді.

Қатысушылардың бірі салынып болған үйден пәтер сатып алып өз қуанышымен бөлісу үшін бізді қонаққа шақырды. Біз шақыруын сүйсіне қабылдап және шаршы метрлерін көп күткен қуанышты иегерді көріп қайттық. Жас әйел үй иесі өз бұрышына жайлылық пен қонысты сезімін тудыра қалай көркейткені бірден көзге түсті.

Көп ұзамай басқада жобаның қатысушылары жеке шаңырағын аңсап күткен арман жолының мәресін басады.

нақтырақ »»
 
Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанады
3 рет көрілді: 518 | 19-06-2014 | «Әлем» бағдарламасы

Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанадыЕкі ай бұрын бізге дарынды жастарды қолдау «?лем» Бағдарламасының грантына үміткерлердің бірі Ахажанов Аблайханнан бір қызықты түйіндеме келді. Дүниені жақсартуға ұмтылған және де алдына қойған мақсатына қайтсе де жетуге тырысатын менмендігі жоғары, дарынды жас жігіт. 

Аблайхан өзінің білім жолын физико-математикалық мектебінен бастады. Мектепті беске бітіріп Алматының Энергетикалық институтының «Радиотехника, электроника и телекоммуникации» мамандығына түсті. Қатарлас Мәскеудің Энергетикалық институтында екінші жоғарғы білім алды. Оған қоса физика мен математикадан көптеген қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Аблайхан өз болашағын нанотехнология саласындағы ғылыми жұмыстарға арнауды шешті. Бастаушы инженерге Алматыда жарайтын зертхананы табуға және «графен»атты наноматериалды зерттеу үшін экспертименттік зерттеулер жүргізуге рұқсат алуға сәті түсті. Өзінің сүйікті ісімен жоғарғы деңгейде айналысу үшін жас жігіт оқуын Лос-Анджелес қаласындағы UCLA Калифорния Университетінде жалғастыруға армандауда.

нақтырақ »»
 
Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы
3 рет көрілді: 686 | 12-06-2014 | «Әлем» бағдарламасы

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы Достар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».

нақтырақ »»
 
C. Луганский атындағы көше
3 рет көрілді: 491 | 06-06-2014 | Өңтүстік астананың көшелер

C. Луганский атындағы көше Сергей Данилович Луганскийдің атымен Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.

Сергей Данилович Луганский (1918—1977)

270-ші жойғыш авиация полкісінің эскадриль командирі (203-ші жойғыш авиация дивизиясы, 1-ші шабуылшы авиация корпусы, 5-ші әуе армиясы, Дала майданы), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры.

Сергей Луганский 1918 жылы 1 қазанда Верный қаласында диқандар семьясында өмірге келді.

1936 жылы толымсыз орта мектепті бітіріп, бақшы болып жұмыс істей бастады. Сол жылы Қызыл Армиясына шақырылып, комсомолдық жолдама бойынша Орынбордың әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1938 жылы ол Псковтың 14-ші авиациалық тобында қызмет етті.

нақтырақ »»
 




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Маусым 2014    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот