Материалы за Мамыр 2014 года » САБИ Материалы за Мамыр 2014 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Балаларды қорғау күні құтты болсын!
3 рет көрілді: 345 | 30-05-2014 | Жаңалықтар

Балаларды қорғау күні құтты болсын!1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресінде Халықаралық балаларды қорғау күні бекітілді және 1950 жылдан бастап 50 ден астам мемлекет 1 маусым мерекесін тойлауда. Біздің елімізде бұл мереке көптен күткен жазғы демалыстармен байланыстырады.

«Сәби» сөзімен байланысқан біздің Қорға бұл күн ерекше маңызды, өйткені атқарып жатқан ісіміздің бәрі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына бағытталған. Соған керекті қолайлы жағдай жасап, біз әрбір бала келешекте өз елінің беделді азаматы болатына үміттенеміз.

Балаларды қорғау күніне айтылатын тілектер әрқашанда жылы, әрі таза, өйткені сәбидің күлкісі мен жарқылдаған көзі – үлкен бақыт.  әрбір баланың балалық шағы қуанышты болу керек!

нақтырақ »»
 
Жолдарың болсын, түлектер!
3 рет көрілді: 342 | 28-05-2014 | Білім беру жобасы

Жолдарың болсын, түлектер! Жақында жыл сайын «Сәби» Қоры қаламыздың білім беру центрлерінің бірінде Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұйымдастырған Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық курстары аяқталды.

Алдында біз жобаға қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының барлығы өз нәтижелерімен мақтана алмағанын жазып кеттік: мектеп бағдарламасына қосымша түскен ауыртпалық қиынға соқты. Негізгі тестілеуге 8 ай бойы созылған жол оңай болған жоқ. Тіпті балалар ауырып қалып немесе басқа себептермен сабақтарын жіберіп қалған күндері болды. Бірақ оған қарамай көбісі біртіндеп қиынға соққан сабақтарының кемістіктерін жоя бостады. Олар нәтижелерін жақсартып және тұрақты жақсы балдар көрсетті.

Оқу курсы бойы Қордың жағынан білім беру ортылығының тәлімгерлермен, балалар үйінің тәрбиешілерімен және оқушылардың өздерімен жан жақты байланыс жасалды. Енді балалардың әрбірі сеніммен өзінің алғашқы маңызды емтиханың тапсырады деп үміттенеміз.

Жолдарың болсын!

нақтырақ »»
 
Welcome Home, Kanat!
3 рет көрілді: 477 | 21-05-2014 | «Әлем» бағдарламасы

Welcome Home, Kanat!Уақыт зымырап өтіп барады! Сәби Қорының дарынды жастарды қолдау «?лем» бағдарламасы бойыншахалықаралық грантының иегері Бейсекеев Қанаттыкеше ғана жіберген сияқты едік, содан әлемнің жартысын өтіп Нью-Йорк киноакадемиясының бір жылдық «Фотосурет» курсын оқуына кірісіп, бүгін ұшақтың баспалдағын аттап отанына аман есен оралды.

Қарқынды оқу курстың аясында, төрт мезгілдің ішінде біздің «әлемдік» баламыз документалдық, классикалық, көркемдік және коммерциялық стильдегі кез келгеніне ғана емес, тіпті оданда зор жобаларға қатысып әлемнің ең профессионалды студияларында фотоға түсіру техникасын меңгеріп алды. 

Сонымен қатар Қанат әйгілі журналдардың жеке тапсырыстарын алып жұмыспен оқуды қатарластырды, лукбуктарды түсірді, сосын АҚШта тұрып жатқан қазақстандықтар туралы репортаждар топтамасын жасады. Соңғысы Америкаға бақыт жолында көшіп кеткен бұрынғы отандастарымыз туралы көптеген қызықты нәрселер білген интернет пайдаланушылардың арасында белсенді пікірлер айтылды.

нақтырақ »»
 
Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз
3 рет көрілді: 599 | 16-05-2014 | Бағы жанғандар

Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз Ашық азаматшылық, өткір лирика, адамға деген қарым-қатынасының тазалығы және адамгершілігі, табыспаған махабаттың трагедиялығы және қасиетті достық туралы өлең жолдары және де ақынның өнері туралы дана ой-пікірлері сияқты бастамалардың басын қосу әр ақынның қолынан келе бермейді. Фариза Оңғарсынова ақын әйеліміздің қолынан ол келеді. Оның өлеңдері – қазіргі шындықтың әсер беретін суреті.

Өмірбаян орыс тілінде берілген.

Ф. Онгарсынова родилась 25 декабря 1939 года в ауле Манаш Новобогатинского района Гурьевской области. В 1961 году окончила филологический факультет Гурьевского (Атырауского) педагогического института и до 1966 года работала сначала учительницей, а потом директором в сельских школах. Мать Фаризы, неграмотная казашка, любила народные сказания, старинные казахские песни. Долгими зимними вечерами дети читали вслух книги, учили на память поэтические произведения. Многим Фариза обязана матери, стремившейся, чтобы дети росли свободными, не скованными цепями давних традиционных запретов.

нақтырақ »»
 
«?нватакси» ардагерлерімізге
3 рет көрілді: 233 | 12-05-2014 | Мүгедектерге–лайықты өмір

«?нватакси» ардагерлерімізгеАрбадағы мүгедектерді тасымалдауға арналған тегін әлеуметтік көлік қызметін құру үшін гидрокөтергіштермен жабдықталған Алматы қаласының мүгедектер қоғамына«Сәби» Қоры арнайы Фольксваген көліктерінің бірінші топтамасының кілтін салтанатты түрде тапсырғанына 5 жыл болды: біздің көліктеріміз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетіп Қазақстанның 20 қалаларын аралап жүр.

Осындай жеңісті мамыр күндерінде «?нватакси» қызметі тек қана денсаулығы жағынан ғана мүгедектерді тасымалдау үшін жұмсалынып қана қоймай, көліктік қызметін жергілікті бюджеттік қаржыландырудың арқасында еліміздің кейбір қалаларында Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріде поезға дейін апаратын арнайы көлікке таспырыс бере алатыны қуанышты. Олар үшін 9 мамыр күні аса құрметпен мерекелі шараларға шығыс экскурсиялары ұйымдастырылды.

Жылдар өткен сайын ардагерлеріміздің саны азайып барады. Көліктеріміз олардың өмірлеріне кішкене болсада қуаныш әкелетініне бақыттымыз.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Мамыр 2014    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот