Материалы за Наурыз 2013 года » САБИ Материалы за Наурыз 2013 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Абай сөзі
3 рет көрілді: 787 | 26-03-2013 | Ұлылардың дана сөздері

Абай сөзі Абай Құнанбаев (1845 – 1904 жж.) – ұлы қазақ ағартушысы, ақын, классик және композитор.

Қазақ әдеби тілінің құрылуына, Абай үлкен үлесін қосты және артынан өшпестей, көркемдік мұра қалдырған.

«Қара сөздерінде» философ, адам және адам баласы туралы, әлемнің күрделi қарама-қайшылығы туралы, ғылым мен білім туралы, халқымыздың тарихы және салт-дәстүр туралы ойланады.

Сол жұмысының кейбір үзінділерін жариялаймыз. Абай сөздері өткір және қазіргі заманға сай келеді

нақтырақ »»
 
Наурыз мейрамымен, Құрметті Қазақстандықтар!
3 рет көрілді: 208 | 20-03-2013 | Жаңалықтар

Наурыз мейрамымен, Құрметті Қазақстандықтар!
















Ақыры ұзақ күткен көктем келді! Күн сайын, табиғат қысқы ұйқыдан, біртіндеп көзін аша бастады. Осы ғажайып мезгілде, ауа да біртүрлі, ерекше шуылдайды, күн жарқырап, керемет көктем көңіл күйін бізге сыйлай отырып, жасылға боялған табиғат көрінісі көзді қуантады.

Ұлтқа қарамай, Казахстанда Наурыз мейрамын бәрі тойлайды. Осындай күнде бір-бірін құттықтап, қонаққа барып, ұлттық тағамдармен және міндетті түрде Наурыз көжемен дастархан жайады. Мемлекетіміздің барлық қалаларында мерекелiк шаралар мен халық серуендері өткізіледі.

«Сәби Қайырымдылық Қоры» қазақстан халқын, осы көктем мейрамымен құттықтайды! Зор денсаулық, мол дастархан, отбасыларыңа бақыт және сіздерге әрқашан сәттілік ілесіп жүрсін!

нақтырақ »»
 
ІІІ ақындар мүшайрасына тапсырыс беруге әлі уақыт бар!
3 рет көрілді: 217 | 18-03-2013 | «Әлем» бағдарламасы

ІІІ ақындар мүшайрасына тапсырыс беруге әлі уақыт бар! Үшінші ақындар сайысына қатысуға тапсырыс жіберуге әлі де бір жарым ай көлемінде уақыт бар. Өлеңдерді 2013 жылдың 1 мамырына дейін [email=alem@saby.kz" style="color: rgb(175, 151, 108); text-decoration: none; border: 0px; font-family: Tahoma, Arial, Helvetica, sans-serif; text-align: justify; word-spacing: 0px;]alem@saby.kz [/email]электронды мекен-жайға жіберуіңізге болады. Бас сарапшы ретінде - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды. Сайыстың талаптары мен ережелерімен осы жерден танысуға болады. 

Бірінші және екінші байқаудың нәтижелері бойынша қатысушылардың ішіндегі ең қабілетті де дарынды жас ақындардың шығармалары енген өлеңдер жинағы шыққан болатын. («Өткенімнен басталды бугінім») Кітаптар лауреаттар оқыған мектептеріне және аудандық білім бөлімдеріне таратылған болатын. 

Сөз өнерінің жеңімпаздары басты сыйлық – ноутбукты ғана иеленіп қоймай, «Сәби» Қорының «?лем» Бағдарламасы 
бойынша еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарына Грант ұтып алған болатын. 

Қатыс та, ұтып ал!

нақтырақ »»
 
Бауыржан - Кеңес Одағының соңғы қазақ Батыры
3 рет көрілді: 1119 | 11-03-2013 | Бағы жанғандар

Бауыржан - Кеңес Одағының соңғы қазақ Батыры Бауыржан Момышұлы Эрнест Че Гевара мен Фидел Кастроға табынардай адам болғанын, сондай ақ «Волоколам тас жолы» атты кітабы Че командантының және Кастроның сүйікті кітабы болғанын көбісі білмейді.

Сiздердің назарларыңызға «Литер» газетінің шолушысы Серік МАЛЕЕВТІҢ қазақ халқының ұлы, Кеңес Одағының Батыры, жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы белгілі журналистің мақаласын ұсынамыз (орыс тілінде).

нақтырақ »»
 
8 наурызбен Құттықтаймыз!
3 рет көрілді: 189 | 06-03-2013 | Жаңалықтар

8 наурызбен Құттықтаймыз!


















Осындай көктемнің тамаша күнінде барлық ер-азаматтар өздерінің ардақты аналарын, сүйікті жарларын, аяулы қарындастарын, мәпелеп өсірген қыздарын, таңдау жасаған қалындықтарын және күнделікті өмірдегі құрбыларын жарқын мейраммен құттықтайды.

Бұрында 8 наурыз, әйелдердің құқығымен күресу мерекесі ретінде бүкіл әлемде тойланды,және де басын қалаған немiс революционерi Клара Цеткин болып табылады.

Біздің заманымызда 8 наурыз – бұл тамаша әйелдер мерекесі, сұлулық мерекесі, жуастық пен махаббат мерекесі., Осындай маңызды оқиғаға алдын - ала дайындалып, әр жігіт өз сүйіктісін өздігінше қуантқысы келеді. Бірақ барлығымыздың басын қосатыны адам баласының әдемі жартысына деген махаббатымыз, алғысымыз және құрметіміз.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры біздің барлық окырмандарымызды Халықаралық 8 наурыз әйелдер мерекесімен құттықтайды!

Шын жүректен барлықтарыңызға зор денсаулық, табыс, жеке адам ретінде өсуге, қолайлы әйел бақытын тілейміз!

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Наурыз 2013    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот