Материалы за Желтоқсан 2012 года » САБИ Материалы за Желтоқсан 2012 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын!
3 рет көрілді: 246 | 28-12-2012 | Жаңалықтар

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын! Достар! Жаңа жылмен құттықтаймыз!

?гі істер жақсылық жасайтын және оны алатын адамдарға қуаныш әкелетіні байқалған. Ендеше, жаңа жылда бір-бірімізге бұдан да көп игі істер тілейік. Өткен жылдың қуанышты сәттері сізбен бірге болсын, ал жаман сәттер артта қалсын. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыз жаңа жыл түнінде жаныңызда болсын, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізерсің деп бекер айтылмаған. 
Шын ниетпен сүйіспеншілік, бақыт, амандық пен ең бастысы, денсаулық тілейміз! 

Сіздің «Сәби» қорыңыз

 

нақтырақ »»
 
"Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі
3 рет көрілді: 729 | 27-12-2012 | Жаңалықтар

"Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі Асель Тасмагамбетова
«Сәби» қорының президенті


Осы жылы біздің Қорға 10 жыл толды. Маңызды шек пен қорытындыларды өткізу уақыты. Есептің бірнеше бетіне барлық жасалған жұмысты жүйелей отырып, әсірелемей-ақ, біздің елімізде әлеуметтік маңыздылыққа ие, «Сәбидің» идеядан үлкен жобалармен салмақты ұйымға айналып, қаншалықты өскенін түсінесің.

Өкінішке орай, қайта құру жылдарында «Қайырымдылық» сөзінің өзі өзінің беделін түсіріп, қазір жым-жылас және лепіріп естіліп тұр. Бірінші тоқсанда қызметімізді талдай отырып, оның – игілік жасау деген тікелей мәнінен аулақ кетіп алмағанымызды қанағаттанарлықпен байқаймыз.

«Сәби» қорының лейтуәждемесі, немесе, егер осылай айтуға келетін болса, девизі, бір данагөй адамның қайырымдылықтың шуыл мен қол шапалақтауға шыдамайтыны туралы пәкірі болып табылады, әйтпесе барлық іс пен рухани ұмтылыс құнсызданып, бар мағынасынан айырылады. Мұнымен біздің жұмысымыздың жарияланбайтыны және анонсталмайтыны түсіндіріледі.

Мен жақын адамға көрсетілетін көмекті адамның күші жетпейтін сапалардың қатарына жайғастыруға немесе жатқызуға болмайтынына нық иланамын. Бұл, шынында, өркенді қоғамда норма болуы тиіс.

нақтырақ »»
 
«Сәби» қайырымдылық қоры 2012 жыл
3 рет көрілді: 1004 | 27-12-2012 | Жыл есеп берулер

2012 жыл «Сәби» Қоры үшін айрықша кезең болды. Біз ұйымымыздың 10-жылдық мерейтойын атап өттік. Нью-Йорк қаласында Nomad’s Way атты қайрымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік. Жас қазақстандық ақындардың мемлекеттік тілде жазылған өлеңдерінің шағын топтамасын шығардық. Қордың күшімен балалар әлеуметтік мекемелерінде салынған спорттық нысандардың саны 26-ға жетті. Қазақстанның 16 қаласында орналасқан мүгедектер қоғамдарына сыйға тартқан арнайы «инватакси» көліктері 52 болды. «Балаларға өмір сыйла» СМС-акциясының аясында 2 570 000 АҚШ доллардан астам қаражат жиналып, 374 балаларға көмек көрсетілді. Қордың қаржысына оқып бітірген және оқып жүрген жастардың саны 70-тен асты. Еліміздің алшақ аудандарынан келген 27 дарынды жастар әр-түрлі номинациялар бойынша «Сәби» гранттарына ие болды. Қызылорда қаласында орналасқан Сәбилер үйінің құрылысы және толық замануи жабдықтау жалғасын тапты. Медициналық жобаның шеңберінде ҚР денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетілді.

Дәстүр бойынша Жаңа Жыл қарсаңында Қордың қызметі бойынша бекітілген жобалар бойынша есеп беріп отырмыз, әрине атқарған жұмыстарымыз бізді қолдап жүрген достарымыздың, серіктестеріміздің және демеушілеріміздің қолдауынсыз болмайтыны бәрімізге мәлім, сондықтан сондай мейірбан адамдарға алғысымыз шексіз.

нақтырақ »»
 
"Өркендеу" жобасының басты жаңалығы
3 рет көрілді: 736 | 26-12-2012 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

«Қызылорда қалалық сәби үйі» ММ үшін
аумақ пен жаңа ғимаратты салу және жабдықтау жөнінде
ЕСЕП БЕРУ


«Сәби» қайырымдылық қоры
Алматы, 2012


Қызылорда қаласы. Ауыр климаттық жағдайлар, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, таза ауыз суының тұрақты тапшылығы және нәтижесі ретінде, жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі, Қорымыздың ерекше назарын осы аймаққа аударуға түрткі болды.

Облыстық орталықта Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайында орналасқан Сәби үйі – техникалық тұрғыдан қаланың ең қауіпсіз емес әлеуметтік мекемелерінің бірі. Бұл – 1956 жылы салынған каркас-қамыштан жасалған апаттық күйдегі, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген ғимарат. Сазбалшықпен сыланған қабырғаларды мекеме қызметкерлері жете ағартады, бірақ бұл тұрақты су өту және ішінара опырылып құлаудан қорғамайды. Ондаған рет боялған терезе жақтаулары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ – тат басқан шіріп біткен құбырлар бойынша жартылай қираған қазандықпен жылытылады. Міне осындай қиын жағдайларда кішкентай балалар өмір сүреді, мұнда онсыз да ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынан айырылған балалар өз өмірін бастайды.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Желтоқсан 2012    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот