Материалы за Қазан 2012 года » САБИ Материалы за Қазан 2012 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Кызылорда қаласында Монтесорри орталығы ашылатын болады
3 рет көрілді: 1592 | 25-10-2012 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Кызылорда қаласында Монтесорри орталығы ашылатын боладыСоңғы жылдары елімізде бiлiм жүйесi көптеген өзгерiстерден өтті. Олардың бәрі бiржақты жақсы деп айту қиын-ақ және бұл жөнінде дау-дамай әлі күнге дейін тоқтамай жатыр. Батыста әлдақашан іске асырылған әдістемелер мен схемалар бiзге біртіндеп енгізіле бастады. Кейбiреулері біздің сана-сезімізге сәйкес келмей сіңбей қойды, ал басқа өзге түрлері жүйеде нық орнын тапты. Солардың ішінде қазіргі кезде кең қолданылып және жан-жақты әсерін тигізіп жүрген Мария Монтессоридің балаларды үйрету методикасы, италиялық ұстаз, ғалым және 20 ғасырдың бiрiншi жартысының ойшысының әдiстемесiн айтуға болады. 

Осы жүйе жекеше ықпал етуге негiзделген: бала үнемi өзiнің қалауы бойынша дидактикалық материалдарды және сабақтың ұзақтығын таңдап, ыңғайлы бағытта дами бастайды. Монтессори педагогикасы әрбiр жеке баланың қажеттiлігіне, қабiлеттiлiгіне және зеректiгiне шоғырланады. Басты шарт - қазiргi ортақ өлшемдер бойынша салыстырымға келістірмеу болып табылады. Оның орына, балалар еш мәжбүрсіз, сырт жақтан кiрiспесіз және сынсыз еркiн оқиды. Баланың тәуелсіз болуы өміріндегі жаттығулармен толықтырылады, демек күнделiктi тәжiрибе де тiкелей үлесін қосады. Монтессори-материалдары - бұл жай ойыншық емес, керісінше бұл нағыз «ересек адамның» кiшiрейтілген көлеміндегі заттар. ?дiстеме бір жағынан қарапайым көрінетін бірақ өте маңызды әрекеттерге елiктеу арқылы дәріс береді, мысалға: киіну, жуыну, дастархан жаю, қол өнерімен шұғылдану,өнерге талпыну және т.б.

нақтырақ »»
 
Nomad s Way - Көшпендінің жолы.
3 рет көрілді: 1247 | 23-10-2012 | «Әлем» бағдарламасы

Nomad s Way - Көшпендінің жолы.«Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады»[/i] деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен. 

Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді. ?йтенмен де,«Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын ?сел ?манғалиқызы Тасмағамбетова 
алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.

2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды. 

Nomad s Way - Көшпендінің жолы
2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді. 

«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.

нақтырақ »»
 
Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды
3 рет көрілді: 700 | 18-10-2012 | Терминалдар

Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды Жылдан жылға «Сәби» қорының қызмет саласы кеңейіп келеді, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында жасап шығарылған жобалар ауқымдырақ бола бастады. Бірақ жоспарларымыз зор болғанмен, оларды тек немқұрайлы емес адамдардың қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Біз, еңбегімізді жоғары бағалап, өзге ұйымдар арасынан «Сәби» қорын таңдаған және қаражаттарын аямай қол ұшын ұсынып сенім білдірген, барлық филантроптар, компаниялар мен жеке тұлғаларға шын жүректен ризалық білдіреміз! Айналадағы өмірдің ырғағына және күнделікті жұмыс кертартпалығына қарамастан, сіздердің жүректеріңіз мейірімділік пен қамқорлыққа толы, сіз шынымен мұқтаждарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлайсыз.

Қазіргі дүниедегі уақыт тапшылығы – үлкен проблема. Кей жағдайда ол мезеттік қызметтер мен сервистердің ұсынылуымен толымдалады. Енді қайырымдылық салымы да, ұялы байланысқа жүзеге асырылатын төлем сияқты жеңіл және мезеттік болмақ. Кез келген сауда үйінде, дүкендерде, жанармай құю станцияларында және аялдама кешендерінде «QIWI» төлем терминалдарын таба аласыз, ондағы «Қайырымдылық» интерфейсі арқылы біздің сары тұмарды басып, «Сәби» қорының есепшотына қаражат енгізе аласыз.

нақтырақ »»
 
«?лемдік» - «Социум» бағдарламасының кейіпкері (видео)
3 рет көрілді: 710 | 12-10-2012 | «Әлем» бағдарламасы

«?лемдік» - «Социум» бағдарламасының кейіпкері (видео) 05 қазан күні 24KZ тәуліктік жаңалықтар арнасында «Апорт» телекомпаниясының шығармашылық тобының жобасы болып табылатын, «Социум» бағдарламасында, күнделікті бес минуттық форматта, күні бойы «Сәби» қоры туралы ролик трансляцияланған болатын. 

Кейіпкері болып біздің «әлемдік» - Медет Шаяхметов сөз сөйледі, сұхбатында Қор туралы, өзі туралы және «?лем» атты бағдарламамыздың шеңберінде болашаққа бірлескен жоспарларымыз туралы әңгімеледі. 

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қазан 2012    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот