Материалы за Қыркүйек 2012 года » САБИ Материалы за Қыркүйек 2012 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Теміртауда «Сәби» екінші рет
3 рет көрілді: 734 | 27-09-2012 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Теміртауда «Сәби» екінші рет Күз – егін жинаудың мезгілі, ал «Сәби» Қайырымдылық Қорында спорт жобасы бойынша нәтижелерді қорытындылайтын уақыт болып табылады. 

Теміртау қаласы біздің Қордың бенефициарлары ретінде 2010 жылы «Сәбиден» 2 «инватакси» машиналарын сыйға алған болатын
. Бүгінгі күнде № 2 Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты қуанышты жағдайды тойлап отыр: "Спорт-Денсаулық-Жетістік"жобасы бойынша 2012 жылдың үшінші, ал бүкіл уақыт бойы жиырма бесінші нысан болып тұрған копфункционалды спорт алаңшасы айтылған мекеменің аумағында толығымен салынып пайдалануға тапсырылды. 

Бұл мектепге біздің көңіліміздің ауғаны кездейсоқ емес. 45 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ұйым, мұғалімдердің және мемлекеттік белсене қатысуымен коррекциялаумен оқыту жүйесіне келтірілді, бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін балғындарға жан-жақты білім алып дамуына барлық жағдайлар қарастырылған. ?нтернатта спорттық-сауықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, көптеген оқушылар әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, мақтанарлық жетістіктерге қол жеткізді. 

нақтырақ »»
 
Жас ақындардың өлеңдер топтамасы жарық көрді
3 рет көрілді: 859 | 21-09-2012 | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындардың өлеңдер топтамасы жарық көрді Шығармашылық жұмыстың нәтижелі болған кезінкезде сөзбен жеткізе алмайтын рахатқа бөлейді, әсіресе оны сезіп көруге болатындай болса тіптен ғажап.

Бүгін біздің көз алдымызда әлі баспахана бояуының иісі кетпеген, 2011 және 2012 жылдары «Саби» Қорымен ұйымдастырған ақындар сайыстарының қорытындыларын іріктеу барысында, іріктелген ең үздік шығармалардан тұратын жаңа басылым жатыр. ?дебиет жөнінде сарапшымыз - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлының арнайы ескеріп өткен 13 авторлардың өлеңдері бұл кітапшаға енгізілді. 

нақтырақ »»
 
Арианнаның аяқтан тік тұруына асар шақырамыз
3 рет көрілді: 772 | 18-09-2012 | Арнаулы көмек

Бірнеше күн бұрын «Сәби» Қорының мекен-жайына кішкентай алматылыққа көмек көрсету туралы хабарлама түсті. Хатты зейінмен қарастырған сәтте, біз он жыл бұрын жас Царевтар жанұясында сүйкімді қыздің дүниеuе келгенін білдік, атына заты сай болғандай есімін Арианна деп қойыпты. Бүлдіршін денсаулығы жақсы, ақыл-ойы дамыған және өте белсенді болып өсті. Жаздың бір жарқын күнінде, табиғат аясында ойнап жүрген кезінде 4 жастағы Арианнаны кене шағып алады. Ата-анасы уақытылы емханаға апарғанымен, дәл сол сәтте энцефалит вирусы анықталмай қойған болатын.

Содан бері Царевтардың өмірлік кезеңі сол қатерлі күнге дейінгі бақытты шақ пен кейінгі арпалыс жылдар болып екіге шағылды. Арасына бір жыл салып барып, дәрігерлер ақтық – энтеровирус этиологиясының салдарынан ми қабынуы (энецефалит) диагнозын қойды. Туған-туысқандардың басына түскен қиыншылық жентек қардай домалап, мерзім өткен сайын ауырлай түсті, бұндай қатер мезгілмен инфекцияны анықталмағанының салдарынан туылып отыр еді. Ал күнде қиналып жүрген кішкентай қыз, кейіннен өздігінен жүре де, сөйлей де алмай, көз жанарынан айырылып барады.

нақтырақ »»
 
Бетке ұстар «әлемдіктер»!
3 рет көрілді: 758 | 13-09-2012 | «Әлем» бағдарламасы

Бетке ұстар «әлемдіктер»! Балғын жастарына қарамай өз саласында мақтан тұтатындай жетістікке жеткен «әлемдіктермен» біз ары қарай таныстыруымызды жалғастырамыз.

Назарларыңызға өмірінің басында тұрған, бірақ болашағынан зор үміт күттіретін, әлі де әлемнің әр бұрышына әйгілі болатын режиссерді ұсынып отырмыз. Оның есімі - Медет Шаяхметов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті, сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі, «нағыз дарынның барлық жаққа қабілеті бар екен» деген мәтелді толығымен ақтап отыр, жүрген жерінде өзінің энергиясымен және жақсы көзқарастарымен жарақтандырады. Медет – алуан түрлі қалалық, республикалық және халықаралық вокалды сайыстардың дипломанттары болған, скейтбордпен және битбокспен айналысады, граффити мәнерінде көптеген дизайнерлік жұмыстардың авторы, моушн-графикасымен айналысып, видеоклиптер мен бейнероликтерді түсіріп азын аулақ ақша тауып жүр. Бірақ өзінің өмірін бұл бозбала «монтаж режиссурасы» мамандығымен байлады, бүгінгі күнде оқудың ақысын «Сәби» Қоры өтеуде, және сонымен қатар оның шет елде тәлім алуы туралы мәселе де қарастырылып жатыр. Бетке ұстар «әлемдіктер»!

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2012    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот