Материалы за Қараша 2011 года » САБИ Материалы за Қараша 2011 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Атырау, бізді дарындарыңмен қолда!
3 рет көрілді: 950 | 30-11-2011 | «Әлем» бағдарламасы

Атырау, бізді дарындарыңмен қолда! Жас дарындарды қолдау жөніндегі «?лем» бағдарламасы Қазақстанның кең байтақ аумағында дарынды жастарды іздеуін жалғастырады. Енді батыс аймағының кезегі келді.

Осы жауапты миссияны орындау үшін «Сәби» Қайырымдылық қоры қызметкерінің Атырау облысына шығармашылық сапары ұйымдастырылды.

«?лем» бағдарламасымен таныстыру Атырау облысының жеті оқу орнында өтті. Сапардың бірінші күнінде Махамбет ауылының 2 мектебінің оқушылары және ұстаздарымен сұхбат жүргізілді.

нақтырақ »»
 
«Жасөспірімдер» жобасының жаңалықтары
3 рет көрілді: 787 | 25-11-2011 | «Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасының жаңалықтары Жетімдер үйінің түлектерінің өмірлерін жақсартуға бағытталған «Жасөспірімдер» жобасының басталғанына 5 ай өтті.

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және бенефициарлармен өзара жинақтау келісіммен қойылған шарт бойынша, жобаның алты қатысушыларының есеп-шотына Алматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтердің орташа құнының 50 % көлеміндегі төлем ақыны біз жібердік.

Жобаның мақсатын, яғни әр қатысушылардың өзінің бөлек тұрғын үйге ие болуын көздеген біздің жұмыскерлеріміз қатысушылардың ай сайынғы төлемдерін үнемі қадағалап жүретін болады, себебі Қордың тағы бір міндеті – қаржылық салымдардың уақытылы және толықтылығы болып табылады.

нақтырақ »»
 
Киножұлдыздар дарынды жастар мен қайырымдылық туралы (бейнекөрініс)
3 рет көрілді: 944 | 21-11-2011 | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» қорының «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасы туралы, дарынды жастарға көмек көрсету қажеттігі жайлы, қайырымдылық принциптері туралы жеке интервьюде ресейлік кино және шоу-бизнес жұлдыздары Гоша Куценко, Евгений Стычкин және Дмитрий Нагиев сұрақтарға жауап беруде.

нақтырақ »»
 
Шахмат спортына жол ашық!
3 рет көрілді: 836 | 16-11-2011 | «Әлем» бағдарламасы

Шахмат спортына жол ашық! 10 қарашада Алматы-Тауэрс ғимаратында “SABY-CHESS” балалар шахмат клубы жұмысын бастады, оның ашылуына басты себебі болған – ол біздің Қордың қолдау көрсетуі (толық ақпаратты қараңыз).

10 мен 13 қарашаның аралығында клубтың өзінде Алматы қаласының Шахматшылар Одағымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында тәжірибелік турнирі өтті. Енді міне оның нәтижесі туралы бөлісікіміз келіп отыр.

нақтырақ »»
 
«?лемдіктер», біз сіздерді күтеміз!
3 рет көрілді: 968 | 09-11-2011 | ---

Достар!
Қазіргі кезде «Сәби» Қайырылымдылық Қоры, әлі құпияда ұстап отырған, үлкен акцияны өткізу бойынша қарқынды дайындық басында. Оның басты мақсаты – «?лем» дарынды жастарды қолдау көрсету бағдарламасын ары қарай дамыту бойынша қаржы жинастыру болып табылады. Дәл осы сәтте, біз күрделі даярлық жұмыстарының үстінде болып отырмыз, кейіннен қандай нәтижеге жеткеніміз туралы міндетті түрде айтып өтеміз.

Өздеріңіз байқағандай, біздің Қордың осы саладағы қызметіміз кеңінен жан-жақты болып отыр, өйткені біз тек қана материалдық көмекпен ғана шектелмей, еліміздің жастарын өмірге қалыптастыру және дарынын дамыту бойынша қолдау көрсететін «мәнді қайырылымдылық» принципін ұстанып отырмыз.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2011    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот