Материалы за Қараша 2010 года » САБИ Материалы за Қараша 2010 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Ризашылық күнгі алғыс айту
3 рет көрілді: 1155 | 29-11-2010 | Жаңалықтар

Кеше балалар үйлерінде жыл сайынғы Ризашылық күні болып өтті. Бұл күні тәрбиеленушілерге жыл бойы қайырымдылық көмегін ұсынатын барлық достар, мейірбан жандар балалармен мерекені бірге атап өту үшін өздері қамқорлыққа алған мекемелердің шаңырағының астына жиналады.

Балалар болса, өз тарапынан қамқоршыларына деген құрметтік көзқарасы мен шын көңілінен алғыс білідрумен қонақтарға арнап керемет концерттік нөмірлер әзірлейді: оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды ұсынады, түрлі тағамдармен сый көрсетеді.

нақтырақ »»
 
Астаналық «?нватакси» қызметінде көлік саны көбейтілді
3 рет көрілді: 790 | 25-11-2010 | Жаңалықтар, Мүгедектерге–лайықты өмір

Бүгінде Қазақстан мүгедектер конфедерациясы (Астана қ.) Қорымыз биылғы жылдың шілде айының басында 4-уін сыйға тартқан 6 «инватакси» автокөлігін пайдаланумен жүріп-тұруы ерекше қиынға түсетін 2 500 астаналықтар мен астана қонақтарына тегін көліктік қызметтер ұсынуда.

нақтырақ »»
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс
3 рет көрілді: 1312 | 22-11-2010 | Жаңалықтар, «Әлем» бағдарламасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурсКонкурсты жариялау
2011 жылғы 01 қаңтар мен 01 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушылар
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» КЕҰ

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және жасына мән берілмейді.

нақтырақ »»
 
Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
3 рет көрілді: 1391 | 17-11-2010 | Жаңалықтар, Білім беру жобасы

Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды Балалар үйінің тәрбиеленушілері өзінің аз ғана өмірінде аса ауыр психикалық жарақат алып, жағымсыз тәжірибеге ие болады. Олардың дүниетанымы өте қатты бұрмаланған және тиісті әлеуметтік дағдылар қалыптаспаған. Олар өркениетті қоғамдағы өмір жайлы ешнәрсе білмейді, алайда өзінде ұзақ уақыт болған сол бір күрделі ортаның әдеттерімен жақсы таныс.

Балалар қалыпты өмір сүруді армандап, жақсы адам болғысы келеді және сол үшін көп нәрсе жасайды, алайда балалар үйінің не интернаттың қабырғасынан шыққаннан кейін көбінеки жаман ортаға қайтып оралады; олардың өз бетінше өмір сүруіне біршама ақшасы бар, бірақ олар ол ақшаны тиімді жұмсай алмайды.

Толықтай мемлекеттің асырауында өмір сүрген ұзақ жылдардан кейін кешегі балалар үйінің түлектері өз бетінше өмір сүруге дайын болмай шығады. Олар өз құқықтарын білмейді және қорғай алмайды, өз бетінше жауапты шешім қабылдап және алға қойылған мақсатына қол жеткізе алмайды.

нақтырақ »»
 
«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2010 жылдың қазан айындағы есеп беру
3 рет көрілді: 533 | 12-11-2010 | Жаңалықтар, Балаларға өмір сыйла

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2010 жылдың қазан айындағы есеп беру Біздің «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша серіктесіміз «Мейірбандық» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының ақпараты бойынша 2010 жылдың қазан айына қарсы көптеген адамдар мен ұйымдардың әрекетінің арқасында Республикамыздың барлық аймақтарындағы 262 балаға тек Қазақстаннан тыс жерлерде ғана емдеуге болатын аурулар бойынша операция жасауға көмек көрсетілген.

Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 1.466.830 АҚШ доллар құрады.

Естеріңізге саламыз, Сіздің акцияға қатысып өз телефоныңыздан қысқа 9099 нөміріне 1 санын жазумен хабарлама жіберу арқылы 280 теңге көлемінде жарна салуыңызға болады.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2010    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот