Материалы за Қыркүйек 2010 года » САБИ Материалы за Қыркүйек 2010 года » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Сәби» қоры «?лем» - дарынды балаларды қолдау жөніндегі бұрын-соңды болмаған бағдарламаны іске қосуда!
3 рет көрілді: 965 | 29-09-2010 | Жаңалықтар, «Әлем» бағдарламасы


"?лем" бағдарламасының мақсаты – дарынды балаларға, жасөспірімдерге, бозбалалар мен бойжеткендерге қолдау көрсету, олар біздің ойымызша Қазақстанда өте көп. Өкінішке орай, балалардың барлығының бірдей өзінің ең жақсы қасиеттері мен шеберліктерін байқатып, олардың соған нағыз баға беріп және дарынын әрі қарай қалай дамытып, қай жерде қолданып отыру керек екендігі жайлы кеңес бере алатын адамдарға көрсетуге мүмкіндігі бола бермейді. Осыны түсіне отырып біз өзімізге жауапты міндетті – осындай қолдауды қажет ететін балаларға соны көрсету міндетін қабылдадық.

нақтырақ »»
 
Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі
3 рет көрілді: 941 | 28-09-2010 | Білім беру жобасы

Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі
Оқу жылының басы «Сәби» Білім қоры беру жобасының жалғасын және соның нәтижесіндегі қамқорлыққа алынған балалар үйлерінің болашақ түлектерінің кәсіби бейімделу бойынша жыл сайынғы тестілеуін білдіреді.

Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университетінің кәсіби бейімдеу бөлімшесінің Алматы филиалы негізінде жасөспірімдер компьютерлік тестілеуден өтеді. Өз жауаптарының нәтижелері бойынша балалар қай мамандықтың келешекте өздері үшін пайдалы әрі қызықты болатынын анықтай алады.

нақтырақ »»
 
«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»
3 рет көрілді: 358 | 20-09-2010 | Жаңалықтар

«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»
Достар! Біз сіздерге «Сәби» қоры сайтының ендігі уақытта қазақ және орыс тілдерінде шығып отыратыны жайлы қуанышпен хабарлаймыз.

Бұл - saby.kz порталына енумен біздің жұмысымызға қызығушылығын білдіріп отырған адамдарға арналған аздаған болса да, маңызды қадам.

Ендігі уақытта еліміздің шалғай аудандарындағы, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердегі қонақтарымыз тілдік тоқсауылсыз Қорымызда орын алып жатқан барлық оқиғалар: жаңа жобалар, жаңа ойлар, пайдалы шаралар жайлы хабардар болып отыра алады.

Сайтымыздың қонағы болыңыз, біз Сізді көруге әрдайым қуаныштымыз!

нақтырақ »»
 
?НСО-2 бөлімшесінде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі оқу сыныбы құрылатын болады
3 рет көрілді: 1146 | 20-09-2010 | Медициналық жоба

Біздің Қорымыздың қамқорлығына алынған №7 Қалалық клиникалық аурухананың ?НСО – 2 бөлімімен жұмыс әрі қарай жалғасуда. Қазіргі кезде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі арнайы оқу сыныбы жабдықталуда, мұнда тәжірибелі мамандар пациенттермен, сондай-ақ ауыр өмір жағдайына тап болған солардың туыстарымен сабақ өткізетін болады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, инсультқа ұшыраған адамдар және солардың жанында жүрген жақындары не істерін білмей, есеңгіреп, психологиялық тұрғыдан басылып қалады. Ал уақытында көрсетілген медициналық жәрдем және сауатты түрде ұйымдастырылған реабилитация жағдайында науқастардың қалпына келу болжамы жағымды болып келеді, бұл жағдайда олармен емдеу мекемесінен шығарылғаннан кейінгі үйде жұмыс жүргізудің рөлі орасан зор болып келеді.

нақтырақ »»
 
Қызылорда қ. Сәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстары басталады
3 рет көрілді: 1078 | 20-09-2010 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

«Сәби» қайырымдылық қоры туылғанынан бастап 6 жасқа дейінгі 60 балдырған тұратын Қызылорда қаласында Cәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Арал өңірінің ауыр климаттық жағдайлары, экологиялық апат аймағы, ауыз судың ұдайы тапшылығы және, соның зардабы ретінде, - жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Облыс орталығының Байсеиітова, 84 көшесінің бойында орналасқан Сәбилер үйі – қаладағы техникалық тұрғыдан қауіпті әлеуметтік мекемелердің бірі. 1956 жылы салынған бұл апаттық күйдегі қаңқа-қамыстан салынған ғимарат моральдік және физикалық тұрғыдан тозған. Сазбалшықпен қапталған қабырғаларын мекеменің қызметкерлері әктеп әбігер болып жатады, дегенмен бұл оларды үнемі түрдегі су тамшылау мен жартылай опырылудан құтқармайды. Ондаған рет сырланған терезе жақтаушалары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылу беру жүйесі жоқ – жылу жартылай құлаған қазандықтан тот басқан шіріген құбырлар арқылы келеді. Міне осындай қолайсыз жағдайларда мүлде кішкентай балалар онсыз да тауқыметке толы өз өмірін ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынсыз бастап жатады.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 4 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2010    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот