«Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова Әсел ханымның атыраулықтарға жолдауы » САБИ «Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова Әсел ханымның атыраулықтарға жолдауы » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова Әсел ханымның атыраулықтарға жолдауы
11-08-2017 17:24 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Атырау қаласында жаңадан бой көтерген балаларға арналған үлкен ойын-сауық қалашығының құрылысы аяқталғандығы жөнінде жағымды жаңалығымызды бөліскіміз келеді!

«Сәби» қоры арқылы салынған бұл ойын алаңы қала тұрғындарына тегін тарту етілді. Енді кішкетай атыраулықтар мен олардың ата-аналары кез-келген уақытта осы жерге келіп бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік алды. Бұл шаттық пен қуаныштың, ойын-сауықтың мекенін біз «Сәби» Әлемі деп атадық.

Аумағы 1800 шаршы м. құрайтын ойын-сауық алаңында әр түрлі жас шамасындағы, кішкентай нәрестеден, жаңадан жүре бастаған, өз күшімен еркін жүре алатын ересек жас шамасындағы балаларға арналған алуан бағыттағы ойын кешендері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалар да тыста қалған жоқ – оларға арнайы пандустар жиынтығы тұрғызылған. Бұл алаңда жүздеген бүлдіршіндер әр түрлі ойын жабдықтарының арасымен қуаласпақ ойнап, арқанмен жоғарыға өрмелеп, сырғанап, доп лақтырып, құмнан ғимарат құрып және тағы да басқа ойындардың әсерінен шынығып спортқа баулиды. Өйткені, спорт және ойын – баланың салауатты, үйлесімді дамуының басты бағыты болып табылады.

Бұл ойын алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы аясында бой көтерген 44-ші ауқымды нысан болып табылады, ал бұл жобаның бенефициары болып тұрған Атырау қаласы Қазақстан бойынша 12-ші тізімде.


Бөлісу Google + Бөлісу Twitter Бөлісу Facebook Бөлісу Одноклассники Бөлісу Мой Мир Бөлісу ВКонтакте




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот