Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды. » САБИ Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды. » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды.
08-06-2017 13:05 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды.«Сәби» қорының қаржылай көмегінің арқасында кеше Ақтөбеде салтанатты түрде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды. Ашылуына қордың президенті Тасмағамбетова ?сел, танымал қазақстан кәсіпкері және меценат Кеңес Рақышев және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Мейірім» орталығы 29 жастқа дейінгі ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балаларға және жастарға әлеуметтік баспанасы болады. Тұрғындардың қолайлы жағдайда өмір сүру үшін 80 орынды төрт екіқабатты корпус тұрғызылды. Бірінші қабаты арбадағы мүгедектердің еркін қозғалысына арнайы ыңғайлы жабдықтандырылған. Жердің жалпы ауданы 3 га құрайды, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың ауданы 6 0000 шаршы метр.

Балалар үйінен шыққан соң тұрғын үй мен жұмыс орнын таба алмай жүрген мүмкіншілігі шектеулі және дамуының қиыншылығы бар мамандырылған интернаттың түлектері бұл жер тек қана баспанасы емес, оған қоса жұмыс орны болып табылады. Көбінесе оларға жұмыс табу және бір маманды меңгеру қиындыққа соғады. Сондықтан «Мейірім» орталығында кішігірім цех, жұмыс кабинеттері, актовый зал, жылыжайлар және спорт алаңдары салынған. Жастар болашақта жұмыс орнын табу үшін бұл жерде керекті мамандарды оқып, жұмыс тәжірибе және өтіл алатын мүмкіндіктері бар.

Сондықтан жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы Қазақстанда болмаған бірегей жоба болып табылады. Бұндай бірінші орталық көпшілік мақұлдаған әлеуметтік жатақхананың стандарттарынан бас тартып салынды. Жобаны әзірлеу сатысында «Сәби» қорының басшысы ?сел Тасмағамбетова бұл жай ғана жатақхана емес нағыз замануи әрі қолайлы жағдайда тұратын жастардың тұрғын үйі болғанын қалады. Пәтерлердің ішінде және басқада өндірістік ғимараттарында үй жасауы жасалған. Орталықтың аймағындағы көгаландыру жұмыстары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың талабына сай жасалынған.

Бұл жоба «Сәби» қорының Ақтөбе қаласындағы бірінші жобасы емес. Оның алдында бірнеше жылдардың ішінде сал ауруына шалдыққан адамдарды қорғау қоғамы құрылды, арбадағы мүгедек адамдарды тасымалдайтын «?нватакси» әлеуметтік такси қызметі іске қосылды, 4 спорт-ойын алаңдары салынды, Ақтөбе қаласы мен облысының дарынды балаларына бірнеше оқу гранттары берілді. ?рине соның ішінде «Мейірім» орталығы ауқымды әрі маңызды болып саналады. Бұл жоба 2 жыл ішінде іске асырылды. Жалпы сметалық сомасы 1,5 млрд теңгені құрады (5 млн. долларға жуық). Оған қоса бұл жобаның іске асырылуы айтулы оқиға, өйткені ол «Сәби» қорының 15 жылдығына келіп тұр.

Мейірім орталығы жастардың баспанасы болатын сонымен қатар үлкен табыстарға және жетістіктерге жетудің орны болатына сенімдеміз. Біз үшін бұндай бірегей жобаның іске қосу атқарылған барлық жұмыстың ең үздік көрсеткіші болады.


Бөлісу Google + Бөлісу Twitter Бөлісу Facebook Бөлісу Одноклассники Бөлісу Мой Мир Бөлісу ВКонтакте




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот