Өңтүстік астананың көшелер » САБИ Өңтүстік астананың көшелер » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Алматының көшелері кімдердің атымен аталған
3 рет көрілді: 260 | 15-01-2014 | Өңтүстік астананың көшелер

Алматының көшелері кімдердің атымен аталған Шынымененде оңтүстік астанамыздың қонақтары түгіл алматылықтардың көбісі өздерінің жұмысбастылығынан және өмірдің ырғағынан күнделікті жүріп жүрген көшелеріміздің атаулары туралы сирек ойланады.

Адамдар тар көшелердің, үлкен көшелердің, даңғылдардың және алаңдардың атауы кімнің құрметіне аталғанына мүлдем назар аудармай жаяу немесе көлікпен жұмыстарына асыға немесе жай қыдырып жүреді. Ал олар келешек ұрпақтың есінде қалуға ие болған көрнекті тұлғалар болып келеді.

«Өңтүстік астананың көшелері» атты айдарын бастаудың алдында Алматы мен бүкіл Қазақстанның тарихында өздерінің айрықша өмірімен із қалдырған тұлғалар туралы сайтымыздың оқырмандарына еске салып айтқымыз келеді.

нақтырақ »»
 
Брусиловский атындағы көше
3 рет көрілді: 82 | 22-02-2017 | Өңтүстік астананың көшелер

Брусиловский атындағы көшеБрусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Өз атауын тек еліміздің егемендігімен қатар алған бұл көше 1990 жылдың орта шеніне дейін Лев Рудневтің есімімен аталған.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905—1981) - кеңес кезеңінің композиторы. Қазақ КСР-ның xалық әртісі (1936). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты (1948).

Алғашқы қазақ операларының, оркестрге арналған туындылардың авторы. Композитор қаламынан тоғыз опера, төрт балет, тоғыз симфония мен 500-ге жуық ән мен романс туған. Ол Қазақстанның 1945—1992 және 1992—2006 жылдардағы Мемлекеттік гимн әні авторларының бірі.

Евгений Григорьевич 1931 жылы Ленинград консерваториясын бітірген. Алматыға 1933 жылы Композиторлар одағының бағыттамасымен келген. Ол аз ғана уақыттың ішінде қазақ әуенінің терең қатпарларына бойлай білді, оны бар жан-жүрегімен сезіне отырып, қазақ xалық әуенінің классикалық музыка түрлеріндегі дыбыстарына өз шығармашылығының жаңғырығын жеткізді. Уақыт өте келе Брусиловский айналасындағы өмір қайнай түсті. Музыкалық дарыны бар қазақ жастары оған қарай ұмтылды. Евгений Брусиловский көзі тірісінде-ақ өзі жазған шығармаларымен қоймай, талантты саңлақ шәкірттерінің тобымен де мақтана алатын еді.

нақтырақ »»
 
Ө.Жолдасбеков атындағы көше
3 рет көрілді: 151 | 25-05-2016 | Өңтүстік астананың көшелер

Ө.Жолдасбеков атындағы көше Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов көшелерінің арасында орналасқан.

Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы (1931-1999) техника ғылымының докторы, профессор, ҚазКРО ҒА академигі, ҚР ?нженерлік академиясының академигі, ҚазКРО ғылымының Еңбегі сіңген қайраткері.

Академик Ө.А. Жолдасбеков – 400-ден астам ғылыми еңбектердің, 8 монография, 30 астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, 120 авторлық куәліктер мен шетел патенттерінің иегері. 120 томдық Қазақ Кеңес Энцеклопедиясының басылымына үлкен үлесін қосты, Механизм және мәшинелердің екі қазақша-орысша терминологиялық сөздігінің авторы, қазақ тіліндегі «Механизмдермен мәшинелер теориясы» және «теориялық механика» атты кітаптарының авторы.

Жалғасы орыс тілінде

нақтырақ »»
 
Д.Ф. Снегин атындағы көше
3 рет көрілді: 336 | 12-02-2016 | Өңтүстік астананың көшелер

Д.Ф. Снегин атындағы көше 2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне аталған. Кішігірім Снегин көшесі ?ль-Фараби көшесінен солтүстігіне қарай Достык даңғылымен Фурманов көшелерінің арасында орналасқан. Көшенің ұзындығы 1 км.

Снегин Дмитрий Федорович (шын фамилиясы Поцелуев; 7 қараша 1911 – 31 наурыз 2001) – кеңес жазушысы, кинодраматург, ҚазССР Халық жазушысы (1984)

Жалғасы орыс тілінде

Есть люди, которые всю жизнь остаются верны месту своего рождения. Остаются верны и своим призванием, и своим творчеством, и своей реальной жизнью. ?з их числа народный писатель Казахстана, лауреат Президентской премии мира и согласия, участник Великой Отечественной войны, народный депутат, общественный деятель, награжденный орденами Красной Звезды, Боевого Красного Знамени, Трудового Красного Знамени, «Знак Почета», «Дружбы народов».

нақтырақ »»
 
Шоқан Уәлиханов атындағы көше
3 рет көрілді: 396 | 10-09-2015 | Өңтүстік астананың көшелер

Шоқан Уәлиханов атындағы көше Қазақтың таланты ғалымы Шоқан Уәлихановтың құрметіне Алматы көшелерінің бірі аталды. 3,5 шақырымға созылған көше қаламыздың солтүстік – батысында Пушкина мен Қонаев көшелерінің арасында орналасқан және көше Райымбек даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін өткізілген.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 – 1865) – ұлы қазақ шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фолькролист, аудармашы, журналист, саятхатшысы 1835 жылы қазіргі Қостанай обласының Құсмұрын бекетінде дүниеге келді

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайындағы Айғаным әжесінің қожалығында өтті. Оның әкесі Шыңғыс, аға – сұлтан, атасы Уәлихан, ал арғы атасы Абылай хан.
12 жасында Шоқан омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Сол кезде ол Сібірдің ең беделді оқу орны болған. Кадет корпусында ол қызығып оқыды және екі – үш жылдың ішінде құрбыларын оқуда қуып жетіп қана қоймай олардан озып түсті.

1852 жылы Шоқан ?.Н. Березин шығыстанушысымен танысып және оның тапсырысымен «Хан жорықтары» атты мақала жазады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. 14-15 жасар Шоқан туралы сол кезде мұғалімдер бұл бала ғалым болады деген.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот