Спорт-денсаулық-жетістікте » САБИ Спорт-денсаулық-жетістікте » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Сәби» Қоры Президенты Тасмағамбетова Әсел ханымның атыраулықтарға жолдауы
3 рет көрілді: 78 | 11-08-2017 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Атырау қаласында жаңадан бой көтерген балаларға арналған үлкен ойын-сауық қалашығының құрылысы аяқталғандығы жөнінде жағымды жаңалығымызды бөліскіміз келеді!

«Сәби» қоры арқылы салынған бұл ойын алаңы қала тұрғындарына тегін тарту етілді. Енді кішкетай атыраулықтар мен олардың ата-аналары кез-келген уақытта осы жерге келіп бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік алды. Бұл шаттық пен қуаныштың, ойын-сауықтың мекенін біз «Сәби» Әлемі деп атадық.

Аумағы 1800 шаршы м. құрайтын ойын-сауық алаңында әр түрлі жас шамасындағы, кішкентай нәрестеден, жаңадан жүре бастаған, өз күшімен еркін жүре алатын ересек жас шамасындағы балаларға арналған алуан бағыттағы ойын кешендері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалар да тыста қалған жоқ – оларға арнайы пандустар жиынтығы тұрғызылған. Бұл алаңда жүздеген бүлдіршіндер әр түрлі ойын жабдықтарының арасымен қуаласпақ ойнап, арқанмен жоғарыға өрмелеп, сырғанап, доп лақтырып, құмнан ғимарат құрып және тағы да басқа ойындардың әсерінен шынығып спортқа баулиды. Өйткені, спорт және ойын – баланың салауатты, үйлесімді дамуының басты бағыты болып табылады.

Бұл ойын алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы аясында бой көтерген 44-ші ауқымды нысан болып табылады, ал бұл жобаның бенефициары болып тұрған Атырау қаласы Қазақстан бойынша 12-ші тізімде.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қоры Атырау қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады.
3 рет көрілді: 190 | 30-11-2016 | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Сәби» Қоры Атырау  қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады. «Сәби» Қайырымдылық Қорының бірден-бір мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасап, үлес қосу. Осы орайда біздің қор Қазақстанның әрбір қалаларында балаларға арналған сапалы әрі заманға сай ойын алаңын салу жұмысына кіріскен болатын. Бүгінде ойынға және спортқа арналған 35 нысана эксплутацияға жіберілді. Демек, бұл жоба 1000 балақайдың өз уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жәрдемін тигізеді деген сөз.

2016 жылдың қараша айында «Спорт – денсаулық – жетістік» атты жоба аясында, спорт және ойын қалашығын салу жөнінде Атырау қаласының әкімшілігімен бірге меморандумға қол қойылды. Ойын алаңының мекенжайы Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде (19) орналасады деп жоспарлануда.

Ал 2017 жылдың мамыр айында аумағы 2000 шаршы метрді алатын Атырау қаласының кішкентай тұрғындары мен жасөспірімдері үшін жаңа әткеншектер мен арқандар, сырғанақ пен брусья, шынығуға арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған спорттық ойын кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл кешенде қимыл-қозғалысқа мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де арнайы жасақталған аумағы бар.

нақтырақ »»
 
Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар
3 рет көрілді: 138 | 16-09-2016 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар Жақсы қамтылған балалардың спорттық ашық алаңы - кез-келген жастағы балалардың салауатты, керек десеңіз руxани болашағының кепілі. "Сәби" Қайырымдылық Қоры аз қамтылған отбасылардың балаларының, қараусыз қалған балалар үйіндегі балалардың балалық шағы қамсыз өтуі үшін тұрақты түрде жұмыс жасайды. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір қалаларында балалардың ойын алаңын ұйымдастырудың бағдарламасы жүріп жатыр.

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің спорттық алаңы соңғы рет осыдан 8 жыл бұрын жаңартылған болатын. Ал биылғы балалар үйінің ойын алаңын күрделі жөндеуден өткізуге көмектескен биылғы қонақтар ерекше - ұл балаларға арналған көне британдық Harrow мектебінің 13 дарынды жастары. Апта көлемінде алматылық балалармен қонақтар өздерінің қолөнер туындыларымен, екі ел арасындағы дәстүр сабақтастығымен танысты, сонымен қатар балалар үйінің спорттық алаңын жаңа жабдықтармен жабдықтауға көмектесті. Күрделі жөндеуді өткізуге 13 жас дарынның ата-аналарының қайырымдылық көмегінің арқасында жүзеге асты.

Жақсылық жасап, балаларға қол ұшын созу тек әр қаланың тұрғындарын ғана емес, мемлекеттерді де жақындастырады.

Біз бұған тағы да көз жеткізіп отырмыз және балалар үшін керемет мереке ұйымдастырдық.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қорының Спорт жобасы қайтадан Ақтөбеде
3 рет көрілді: 120 | 27-07-2016 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Былтырғы жылы Ақтөбе қаласында біздің Қор екі спорт жобасын қолданысқа берді: Ақтөбе облысындағы жастар үйінде көпфункционалды спорт алаңы мен Ақтөбенің №7 арнайы коррекциялық мектебінде балаларға арналған ойын алаңы. Бұл нысандар осы мекемелердің тәрбиеленушілеріне ғана емес көршілес орналасқан басқа да әлеуметтік ұйымдарына және де жақын жерде тұрып жатқан басқа да балалар үшін нағыз сыйлық болды.

Сондықтан Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің бастықтарының жолдауы күтпеген жағдай емес. Жолдаухатта олар өздерінің тәрбиеленушілері ойнау үшін басқа мектептерге жүгірмеу үшін дәл сондай ойын алаңын салып беруді сұрады.

«Сәби» Қоры бұл өтінішке жоқ дей алмады. Жақында алтыбақанмен, әткеншектермен, екі жаққа тербелетін әткеншектермен, төбешіктер және өрмелгіштермен жабдықталған тағы бір ойын алаңы Ақтөбеде пайда болады.

нақтырақ »»
 
Петропавловск қаласында жаңа спорт нысаны салынды
3 рет көрілді: 144 | 22-06-2016 | Спорт-денсаулық-жетістікте

Петропавловск қаласында жаңа спорт нысаны салынды Алдында айтылып кеткендей Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға арналған ойын алаңы пайдалынуға берілді.

Жұмыстарды мамыр айында бітіруге жоспарлағамбыз, бірақта бүкіл Қазақстанды таңқалдырған қолайсыз ауа райының салдарынан кешірек бітіруге мәжбүр болдық.

Бейімдеу орталығының кішкентай тәрбиелушілері веложаттықтыруы, әткеншектері бар, ойын кешенімен және қауіпсіз резеңке төсемі төселген ойын алаңын сыйлық ретінде тартты.

Бұл «Сәби» Қорымен Спорт жобасының аясында салынған 33 нысан.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 4 5 6 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот