Жыл есеп берулер » САБИ Жыл есеп берулер » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Сәби» Қайырымдылық Қоры, 2016
3 рет көрілді: 244 | 26-12-2016 | Жыл есеп берулер

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика түрінде жылдық есеп беру мәліметін ұсынамыз.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қайырымдылық қоры, 2014 жыл
3 рет көрілді: 551 | 26-12-2014 | Жыл есеп берулер

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы болды.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қайырымдылық Қоры 2013 жыл
3 рет көрілді: 674 | 20-12-2013 | Жыл есеп берулер

Жаңа жылдың қарсаңында сайтымыздың беттерінде дәстүр бойынша жарияланатын «Сәби» Қайырымдылық Қорының кезекті жылдық есебі, орындалып жатқан барлық жобаларымыз бойынша қызметіміздің көлемі ұлғайғанын көрсетіп отыр.

***

Қазақстан жастарының Жас дарындарды қолдау «?лем» бағдарламасынақызығушылығы өсіп келеді. Еліміздің шалғайдағы аудандарына мақсатталған іс-сапарлар кезінде Қордың қызметкерлерімен таратылатын мектеп баспаларындағы, ақпарат бүктемелеріндегі тақырыпты жарнамаларынан, сонымен қатар «әлемдіктіктердің» қатарына қосылған балаларынан, alemsaby.kz сайтының беттерінен бағдарлама туралы хабар алатын ықтимал грант иегерлерінен түсіп жатқан үндеулер көбейіп келеді. Балалардың басты арманы – білім грантына ие болу.?лем бағдарламасына іріктеу қатаң, тек қана ең мықтылары ғана еліміздің және шетелдің беделді ЖОО-да оқу мүмкіндігіне ие болады. 

Сондай-ақ «?лем» бағдарламасының аясында жыл сайын мемлекеттік тілде «Сәби» Қорымен жарияланып отыратын ақындар мүшәйрасыда үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Ал енді осы шығармашылық бәйгенің нәтижесінде басып шығарылған таңдамалы өлеңдер жинағы әдебиет саласында нағыз жаңалық болды, өйкені кітаптардың көптеген даналары еліміздің жүздеген мектеп кітапханаларына таратылады.

нақтырақ »»
 
«Сәби» қайырымдылық қоры 2012 жыл
3 рет көрілді: 949 | 27-12-2012 | Жыл есеп берулер

2012 жыл «Сәби» Қоры үшін айрықша кезең болды. Біз ұйымымыздың 10-жылдық мерейтойын атап өттік. Нью-Йорк қаласында Nomad’s Way атты қайрымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік. Жас қазақстандық ақындардың мемлекеттік тілде жазылған өлеңдерінің шағын топтамасын шығардық. Қордың күшімен балалар әлеуметтік мекемелерінде салынған спорттық нысандардың саны 26-ға жетті. Қазақстанның 16 қаласында орналасқан мүгедектер қоғамдарына сыйға тартқан арнайы «инватакси» көліктері 52 болды. «Балаларға өмір сыйла» СМС-акциясының аясында 2 570 000 АҚШ доллардан астам қаражат жиналып, 374 балаларға көмек көрсетілді. Қордың қаржысына оқып бітірген және оқып жүрген жастардың саны 70-тен асты. Еліміздің алшақ аудандарынан келген 27 дарынды жастар әр-түрлі номинациялар бойынша «Сәби» гранттарына ие болды. Қызылорда қаласында орналасқан Сәбилер үйінің құрылысы және толық замануи жабдықтау жалғасын тапты. Медициналық жобаның шеңберінде ҚР денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетілді.

Дәстүр бойынша Жаңа Жыл қарсаңында Қордың қызметі бойынша бекітілген жобалар бойынша есеп беріп отырмыз, әрине атқарған жұмыстарымыз бізді қолдап жүрген достарымыздың, серіктестеріміздің және демеушілеріміздің қолдауынсыз болмайтыны бәрімізге мәлім, сондықтан сондай мейірбан адамдарға алғысымыз шексіз.

нақтырақ »»
 
«Сәби» қайырымдылық қоры 2011 жыл
3 рет көрілді: 1346 | 28-12-2011 | Жыл есеп берулер

2011 жыл – қызметінің 9-жылдығын атап өткен және онжылдығын аяқтауға жақындап қалған «Сәби» Қайырымдылық Қоры үшін ерекше, атаулы жылға айналды. Бұл кезең бұрын бекітілген тұрақты жобалар бойынша, сондай-ақ биылғы жылы әзірленген жаңа жобалар мен бағдарламалар бойынша қауырт және нәтижелі жұмыспен ерекшеленді.

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі уақыты, сөйтіп біз де жаңажылдық мерекелердің қарсаңында өз қызметіміздегі әрбір қадамымызды талдауға көштік.

«Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасын «Сәби» қоры 2011 жылы әзірлеп шығарған болатын. Бұл «пилоттық» жоба, ол балалар үйі түлектерінің әлеуметке ықпалдасу проблемаларын шешу мақсатында іске қосылған. Соның шеңберінде жетім жастарға жеңілдік шартпен тұрғын үй сатып алу жөніндегі күрделі мәселеде көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте мынадай шарттың орындалып отыруы маңызды: бұл «қайырымдылық көмек беруші берді – қайырымдылық көмек алушы алды» деген дәстүрлі сұлба емес, бұл алушының тарапынан сол көмекке ие болу үшін ұзақ және қажырлы еңбек етуі. Мұндай жүйе балаларды ойлауға, көптеген жылдар бойы өз өмірін құруға деген саналы әрі жауапты тұрақты көзқарасын қалыптастыра отырып барлық күш-жігерін жұмсаумен еңбек етуге мәжбүр етеді. Тұрғын үй алуға үміткерлер бұл жасы 23-ке толған, білім алған және тұрақты жұмысы бар толық жетімдер.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот