«Өркендеу» құрылыс жобасы » САБИ «Өркендеу» құрылыс жобасы » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

"Сәби" қорымен салынған, жаңа мектеп ашылды
3 рет көрілді: 25 | 02-09-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Бүгін Алматы қаласында “Сәби” Қайырымдылық қорымен салынған, №174 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды. Оқу орнын салтанатты ашу бөлігіне қордың президенті Әсел Тасмағамбетова, танымал қазақстандық кәсіпкер және меценат Кеңес Рақышев және қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Бұл мектеп толығымен “Сәби” қорының меншік қаражатына салынды, құрылыс барысына да жетекшілік еткен және басқарған өзі. Мектепті жақсырақ, әдемірек және қолайлырақ ету үшін, бастапқы жобаға көптеген түзетулер енгізілді.

Құрылыс 2015 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы тамызға дейін 2 жыл жалғасты. Күнделікті құрылыс алаңында әртүрлі кезеңде 400 жұмысшыдан 30 бірлікке дейін техника жұмыс істеді.

нақтырақ »»
 
Қызылорда қаласының Сәби үйіне қолдау қөрсету жалғасуда
3 рет көрілді: 88 | 12-06-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Қызылорда қаласының Сәби үйіне қолдау қөрсету жалғасуда «Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа берілгеніне 5 жыл болды, сол уақыттан бері Сәби үйінің қызметкерлерімен тәрбиеленушілерінен келген өтініштерге ерекше назармен қарастырамыз.

Жаз басталысымен қызылордалықтар жазғы ауа райының күйдіретін ыстығына дайындалады. Кейбір күндерде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Сәби үйінде ем алып жүрген балалардың қолайлы жағдайлары үшін арнайы мерекелер өткізетін бөлмеге жедел түрде ауа салқындатқыштарын орнату керек болды. Бұл өтінішті біз жауапсыз қалдырмай, уақыт кетірместен салқындатқыштарды тезе арада сатып алып орналастыруға тырыстық. Одан бөлек ЕДТ бөлмесіне резеңке төсенішімен ковролин сатып алдық.

Мына жерден фотоесептеме қарай аласыздар.

нақтырақ »»
 
Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды.
3 рет көрілді: 118 | 08-06-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды.«Сәби» қорының қаржылай көмегінің арқасында кеше Ақтөбеде салтанатты түрде жастардың әлеуметтік бейімделу «Мейірім» орталығы ашылды. Ашылуына қордың президенті Тасмағамбетова ?сел, танымал қазақстан кәсіпкері және меценат Кеңес Рақышев және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Мейірім» орталығы 29 жастқа дейінгі ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балаларға және жастарға әлеуметтік баспанасы болады. Тұрғындардың қолайлы жағдайда өмір сүру үшін 80 орынды төрт екіқабатты корпус тұрғызылды. Бірінші қабаты арбадағы мүгедектердің еркін қозғалысына арнайы ыңғайлы жабдықтандырылған. Жердің жалпы ауданы 3 га құрайды, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың ауданы 6 0000 шаршы метр.

Балалар үйінен шыққан соң тұрғын үй мен жұмыс орнын таба алмай жүрген мүмкіншілігі шектеулі және дамуының қиыншылығы бар мамандырылған интернаттың түлектері бұл жер тек қана баспанасы емес, оған қоса жұмыс орны болып табылады. Көбінесе оларға жұмыс табу және бір маманды меңгеру қиындыққа соғады. Сондықтан «Мейірім» орталығында кішігірім цех, жұмыс кабинеттері, актовый зал, жылыжайлар және спорт алаңдары салынған. Жастар болашақта жұмыс орнын табу үшін бұл жерде керекті мамандарды оқып, жұмыс тәжірибе және өтіл алатын мүмкіндіктері бар.

нақтырақ »»
 
Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.
3 рет көрілді: 145 | 05-04-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

нақтырақ »»
 
?леуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 79 | 08-02-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы балалр үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың салынуын іске асыру жолындағы маңызды кезеңдерінің бірін қорытындылаймыз.

Қазіргі сәтте нысанда сыртқы инженерлі желілерді орнату жұмыстары толық аяқталды және соған қатысты керекті құжаттар нысанды қолданысқа беру үшін мемлекеттік органдарға өткізілді.

Сондай-ақ бүкіл тұрғын корпустарында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды ал көктемде аумақта соңғы көгаландыру жұмыстары жоспарлануда.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 4 5 6 7 8 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот