Медициналық жоба » САБИ Медициналық жоба » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Үлкен істің аяқталуы
3 рет көрілді: 37 | 05-07-2017 | Медициналық жоба

Үлкен істің аяқталуыЖақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!

Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр айының ортасында тіндердің бөлшектерімен ағза қуысындағы газдарды және жоғарғы тыныс жолдарындағы сұйықтықты сорып жоятын аса маңызды функцияларды орындайтын науқастарға арналған аппарат іске қосылған болатын.

Аурухана дәрігерлерізаманауи медициналық құрал-жабдықтың орнатылуын асыға күткен болатын. Өйткені әрбір құтқарылған өмір – бұл үлкен жеңіс. Енді осындай жеңістер көп болмақ! Жаңа медициналық жабдықтар өз кезегінде науқастарға қажетті көмекті сапалы және дер кезінде көрсетуге дайын.

Бұл жерден сіздер фоторепортаж көре аласыз.

нақтырақ »»
 
Үлкен жұмыс!
3 рет көрілді: 55 | 17-05-2017 | Медициналық жоба

Үлкен жұмыс! Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат жазды. Аурухананың реанимациялық жүйелерінің көбісі жоқтығын көре былтырғы жылы біз диагностикалық ультрадыбысты стационарлық жүйесін және науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған екі тыныс алу қоспаларының ылғалдандырғыштарын сыйладық. Бұл аппараттар арухананың жұмысын әрине жеңілдетті, бірақта медициналық жабдықтарының көбісін әлі алу керек болды.

Бір жылдан соң керекті қаражат табылып, №02 Ақмола облыстық ауруханасын заманауи жабдықтармен жабдықтау мәселесіне қайтадан келдік. Соның нәтижесінде қосымша құрама жетегі бар операцияға арналған механикалық акушерлік үстел және сұйықтықпен, тіннің бөлшектерін және газдарды адам ағзасының қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан сорып алатын екі сорғыш табыс етілді. Сорғыштар ауруханаға жеткізілді, енді маусым айының басында операцияға арналған үстел келеді.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры, көптеген адамның өмірін сақтап қалатын, ауадай керекті жабықтарды сатып алуға көмегін тигізген адамдарда алғысы шексіз.

нақтырақ »»
 
Балалардың амандығы үшін. Нәтижелер
3 рет көрілді: 116 | 02-09-2016 | Медициналық жоба

Балалардың амандығы үшін. Нәтижелер «Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған мекеменің жұмыскерлері қолдану тәсілдерін үйреніп, өмірге аса қажетті аспаптарды енді реанимациялық практикалық жүзінде пайдалана бастады.

Аурухананың басшылығының айтуы бойынша «... замануи медицианлық жабдықтар жаңа туылған нәрестелерге алғашқы минуттардан бастап білікті көмек көсетуге, кішкентай періштелердің ағзасын уақытылы тексеріп, аурудың асқынуын алдын алуға мүмкіндік береді».

нақтырақ »»
 
Сәбилер аман болсын
3 рет көрілді: 80 | 07-07-2016 | Медициналық жоба

Сәбилер аман болсын Күйінішті факт-: тұрғылықты халыққа білікті көмек көрсету үшін өмірлік маңызы бар медициналық қондырғыларды қажет ететін емдеу мекемелері бізде әлі де бар.

Солардың қатарында жыл сайын облыстың жеті ауданынан 200 мыңдай науқас қабылдайтын №02 Ақмола облыстық ауруханасы да бар.
Бұл мекеме шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, перзентханадағы жаңа туылған нәрестелер мен балаларға жәрдем көрсетеді. Алайда, жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбей, аурухананың материалды-техникалық жабдықтары толықтырылмай отыр.

«Саби» Қоры аурухана басшылығының өтінішін жерге қалдырмады. Қажетті келіссөздер мен кеңес берулерден кейін, біздің жетекшілігімізбен 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері бар МС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесі сонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2 тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды.

Аталмыш қондырғылар алдағы екі айда мекеменің перзентхана бөліміне орнатылады деп күтілуде.

нақтырақ »»
 
Балалар емханасына тағы бір сыйлық
3 рет көрілді: 157 | 18-05-2016 | Медициналық жоба

Балалар емханасына тағы бір сыйлық Жақында №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасына биыл наурыз айында сатып алынған электроэнефалографиялық зерттеулер (ЭЭГ) жүргізуге арналған «Нейрон-Спектр-4/П» және "Нейрон-Спектр Видео" атты компьютерлік комплекс орнатылды.

Аппарат тестілеуден өтіп, кішкентай балаларымызға қызмет ету үшін күнделікті ісіне қосылды.

Бұл медициналық жабдыққа косымша емдеу мекемесі «Сәби» Қорынан сыйлық ретінде төсек-орын жабдығы табыс етілді: 240 көрпе және соншама жастық сосын 480 төсек-орын жинақ. Егер ЭЭГ комплексі балалардың тез жазылып кетуіне ықпал етсе, жаңа төсек-орын тысы стационарда емделіп жатқан балалардың уақытын үйдегідей сезінуге көмектеседі.

Фотосуреттер мында.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 4 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот