Білім беру жобасы » САБИ Білім беру жобасы » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезең
3 рет көрілді: 137 | 29-03-2017 | Білім беру жобасы

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезеңКөктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім қабылдамаған түлектер үшін, мамандық таңдап шешім қабылдауға өте аз уақыт қалды.

«Сәби» қорының білім беру жобасы аясында осы аптада кәсіби бағдарлы балалар ұйымдарының 42 тәрбиеленушісіне демеушілік жасау мақсатында тестілеудің 2-ші кезеңі өткізілді. Бірінші кезең өткен жылдың қазан айында өткен болатын.

Балалардың айтуынша, арнайы тестілеуден өте отыра, олар болашақ дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болған, және олардың мамандықты таңдап жоғары оқу орындарына түсуі үшін кәсіби психолог тің кеңестері көп септігін тигізген.

нақтырақ »»
 
Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең
3 рет көрілді: 176 | 02-11-2016 | Білім беру жобасы

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай тестілер олардың белгілі бір қызмет саласына деген қызығушылығын және бейімділігін, сосын естімеген мамандықтарды танып өзінің армандаған кәсібі бойынша мектеп бітірушілер болашағын білуге көмектеседі.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағы 33 балаға өздерінің болашақ мамандығы бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектесу біздің ойымызша зор маңызын тигізеді. Өйткені ол келешекте өмір сүру сапасына әсер етеді. Сондықтан қор жыл сайын екі кезеңнен тұратын кәсіби тестілеу жүргізіп отырады.

Жақында тестілеудің 1 кезеңі аяқталды. Тестілеу арнайы Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де шығарылған компьютерлік тәсілі бойынша «Сәби» Қорының Білім беру жобасының аясында ұйымдастырылған.

?рбір баланың таңдаған мамандығы арқасында өмірі қызықты сәттерге толық болуына тілектеспіз.

нақтырақ »»
 
Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен
3 рет көрілді: 112 | 19-10-2016 | Білім беру жобасы

Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде өткізілетін бірінші кезең нәтижесі бойынша, түлектер орта білім алғандығы туралы куәлік алады. Ал емтиxанның екінші кезеңі еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін негіз болады.

Мектеп түлектері үшін ҰБТ - олардың болашақтағы мамандықтарын және жоғарғы оқу орнын анықтайтын жауапты да маңызды қадам. Ал емтиxан тапсырудың жаңа үлгісінен алғашқы боп өту - екі есе көңіл толқытарлық жағдай.

"Сәби" Қоры Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардың балалар интернатына бітіру және қабылдау емтиxандарына дайындалуға көмек көрсетеді. Бұл үшін Қор өзін сенімді серіктес ретінде танытқан "Достық" білім беру орталығында білім беру жобасы аясында 1-қазаннан бастап 8 айлық ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастырды.

Біз, 2016-2017 оқу жылының көлемінде қамқорлығымыздағы түлектердің аралық тестілеу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісіп отыратын боламыз және олар емтиxанды лайықты түрде тапсырып өздеріне жұмсалған күш пен артылған сенімді ақтайды деген үміттеміз.

нақтырақ »»
 
Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды
3 рет көрілді: 173 | 06-04-2016 | Білім беру жобасы

Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды

«Адам баласы мамандық таңдар кезде белгілі бір кажеттіліктерге байланысты емес, озінің жүрек қалауымен тандағаны дұрыс»
Али Апшерони


Жақында «Сәби» Қорының жыл сайын Алматы қаласындағы балалар үйлерінің түлектеріне ұйымдастыратын кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды. ?детте бұл кезең ақпан айында жүргізілетін, бірақ бұл жылы оқу орталығының әкімшілік себебі бойынша тестілеу наурыз айына көшірілді.

Алайда бұл өзгеріс керекті нәтижелерді алуға кедерегісін тигізген жоқ. Болашақ мамандығы бойынша сәйкестігін және өзінің бейімділігін тексергісі келген 49 бала бір сағаттан астам уақытта Ломоносов атындағы ММУ-мен арнайы құрастылыған компьютерлік бағдарламаның сұрақтарына жауап берді. Аса қуантқаны, балалардың жеке кәсіби артықшылығы тестілеудің ұсынылған мамандықтарымен сәйкес келді.

Енді оқушылардың алдына қояр мақсаты – өздерінің икемін арнайы дайындалған жеке даму жоспарымен алға ұмтылу болып табылады. ?рине, таңдаған мамандық жоғарғы оқу арындарына сеніммен түсу үшін, ЕНТ-де тапсыратын пәндерімен әлі де жұмыс істеу керек.

нақтырақ »»
 
Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең
3 рет көрілді: 190 | 26-10-2015 | Білім беру жобасы

Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең Өткен аптада алматыдағы балалар үйінің тәриеленушілеріне біздің Қорымыздың жыл сайынғы ұйымдастырумен Білім беру бағдарламасы аясында өтетін кәсіби бағдарды анықтау тесті жүргізілді.

Балалардың мамандық таңдауға, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, мінезін анықтауға жылдағыдай Ломоносов атындағы ММУ арнайы мамандары даярлаған компьютерлік бағдарлама көмектесті.

Қазан айындағы алғашқы этап балаларға болашақ мамандықтары туралы кеңес беріп, мектеп түлектеріне ҰБТ кезінде таңдаған мамандығы үшін қай пәнге баса назар аудару керектігін түсіндіріп өтті.

Ақпан айында өтетін тестілеудің балалар екінші кезеңін асыға күтуде. Сол кезде «Кім боламын?» деген сұраққа олар анық жауабын алады деген сенімдеміз.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот