Сәбилер үйі, Қызылорда қ. » САБИ Сәбилер үйі, Қызылорда қ. » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Қызылорда қаласының Сәби үйіне қолдау қөрсету жалғасуда
3 рет көрілді: 87 | 12-06-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Қызылорда қаласының Сәби үйіне қолдау қөрсету жалғасуда «Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа берілгеніне 5 жыл болды, сол уақыттан бері Сәби үйінің қызметкерлерімен тәрбиеленушілерінен келген өтініштерге ерекше назармен қарастырамыз.

Жаз басталысымен қызылордалықтар жазғы ауа райының күйдіретін ыстығына дайындалады. Кейбір күндерде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Сәби үйінде ем алып жүрген балалардың қолайлы жағдайлары үшін арнайы мерекелер өткізетін бөлмеге жедел түрде ауа салқындатқыштарын орнату керек болды. Бұл өтінішті біз жауапсыз қалдырмай, уақыт кетірместен салқындатқыштарды тезе арада сатып алып орналастыруға тырыстық. Одан бөлек ЕДТ бөлмесіне резеңке төсенішімен ковролин сатып алдық.

Мына жерден фотоесептеме қарай аласыздар.

нақтырақ »»
 
Сәбилер үйінің тынысы
3 рет көрілді: 450 | 17-07-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Сәбилер үйінің тынысы Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен салынған жаңа үйде тұрып жатқанына екі жаз болды. Жетім балалар үшін бұл үй тура мағынасында оларға жылылық пен жайлылық сыйлаған туған үйіне айналды, оған қоса сәбилердің ойларынан ескі үйдің қызықсыз дымқыл бөлмелері ұмытылды.

Балалардың жаңа қабырғаларда өмірінің қаншалықты жақсарғанын қадағалау біздерге аса қуанышты. Бұдан басқа бүлдіршіндерге таза ауада демалыс аймағын қалай ұйымдастырамыз деген сұрақ ойымызды мазалады. Басында құрылыс жобасының алғашқы кезеңінде жер учаскесін көгалдандыруға көп көңіл бөлінді, өйткені сәбилерге арналған мекеме жас көшеттерден қоршау жасалынып іргелес жатқан аймақтардан және көшелерден барынша алшақ болу керек. Бір өзгешелік болды, ол жергілікті климат және топырағының құнарсыздығы өнгіштігімен аса қуанта алмайды.

нақтырақ »»
 
Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында
3 рет көрілді: 620 | 30-10-2013 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет туындаларының Республикалық сынақ байқауы өтті.

Қатаң іріктеудің нәтижесінде 2012 жылы Сәби Қорының күшімен тұрғызылған Қызылорда қаласындағы Сәби үйінің жобасы «құрылыс» номинациясында І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жобаның авторлары, сәулетшілер мен конструкторлар тобы Лауреат атақтарына ие болды.

нақтырақ »»
 
Қызылордадан келген жаңалық
3 рет көрілді: 630 | 11-06-2013 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Қызылордадан келген жаңалық Жуықта Сәби Қорының өкілдері іс-сапармен Кызылорда қаласына аттанды. Қалалық Сәби Үйініңтәрбиеленушілері біздің Қормен тұрғызылған жаңа ғимаратқа көшкеніне жарты жыл болып қалды. Сәбилердің, жаңа қонысқа қалай орныққанын көру бізге қызықты болды.

Мекеменің жылы ахуалы өте қуантты. ?рине, бұрынғыда сәбилерді күткен ескі, суық, апатты ғимаратты, қазіргі жайлы, жарық, керекті заттарының жеткілікті, жайдарман үймен салыстыруға болмайды. 

Көшкеннен кейін, балаларда керемет өзгерістер байқалғанын Сәби Үйінің Бас дәрігері үлкен шабытымен әңгімеледі. Біреуі алғашқы қадамын жасады, ал біреуінің өміріндегі алғашқы күлкісі байқалды, әркімнің өз кеңістігі мен қандай болса да сүйікті бұрышы болды. Және де бұған таңданатын ештеңесі жоқ, өйткені еденде азынақ ойнап, сәбилер жерде еңбектей алмай, көбінесе арнайы қоршауда болды. Ал енді олар жылы кілемнің үстінде рақатаннып жан-жаққа еңбектеп, әдемі сөрелерде орналасқан ойыншықтарға қолын жеткізгісі келіп, талпынып жатыр, сондай-ақ өз бетімен тіқ тұрып алғашқы қадамын жасауға тырысты.

нақтырақ »»
 
Монтесорри мамандарын Қызылордаға дайындап жатыр
3 рет көрілді: 834 | 08-04-2013 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Монтесорри мамандарын Қызылордаға дайындап жатыр Осы жылдың басынан бастап «Сәби» Қорының көмегімен салынған және жабдықталған Қызылорда қаласының жаңа Сәби үйі пайдалануға тапсырылды және толық жұмыс істейді. Қазіргі заманға сай ғимаратта, ерте жасынан бастап- туғаннан 4 жасқа дейін, ата-аналарының қорғауынсыз қалған сәбилердің қауіпсіз және жайлы тұру үшін, шарттардың бәрі орындалды.

Ескерілген ҚНмЕмен жайлардан басқа - жататын бөлмелерін, ойын бөлмелерін, жуыну бөлмелерін, тамақтану және ас дайындау бөлмелерін, медициналық бөлімін және т.б, мекемесінде «Сәби» Президенті ?сель Тасмағамбетқызының шешуімен, ерте даму Монтессори орталығы
ұйымдастырылды. Оңтүстік аймағында ұқсастығы жоқ, үйрету жабдықтарының, кең ассортименті ұсынылған. Ақпанда іс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министріҚайырбекова Салидаттың сөзі бойынша «бұндай деңгейдегі Монтессори мектебі тек қана Астанада ал енді - Қызылордада бар». Шыныменде, Орталықтың жабдықтауына біздің Қор аса маңыздылықпен жақындады. Материалдар, жиhаз, үйрету әдістеме кітаптарын, Омбы қаласының арнайы кәсіпорынында сатып алынды.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 3 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот