Отбасылық түрдегі балалар » САБИ Отбасылық түрдегі балалар » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Астана қ. балалар ауылы салынбайтын болды
3 рет көрілді: 111 | 04-03-2015 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Қазіргі уақытта Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың саны азайып келе жатыр. Бұндай өзгерістер асырап алу заңнамаларын жетілдіргеніне, қамқоршылар мен тәрбиеленушілердің жәрдемақыларын ұлғайтқанына және жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарғанына байланысты болды.
Балалар және сәбилер үйлерінде тұрып жатқан тәрбиеленушілердің сандары да азайып барады. Бұрында әлеуметтік мекемелер лық толы болған кездер артта қалып, бүгінгі күнде олар тек жартылай ғана толыққан. Көптеген аумақтарда жетімдер үйлерді бір-бірімен қосып қайта құрылымдау мәселесі де талқыланып жатыр.
Осындай статистика астанамызды да айналып өткен жоқ. Астана қаласындағы Білім беру басқармасының ең соңғы деректеріне жүгінсек 250 адамға арналған «Балалар үйі» КММ-де 163 ғана бала тәрбиеленуде, 91 адамдық «Астана қ. SOS балалар ауылы» 67 баламен толыққан.
Сондықтан да, «Сәби» Қорымен жоспарланған Астана қаласындағы 100-140 балаға арналған Балалар ауының құрылысын ары қарай жалғастыру жөнсіз деп табылды.
?рине, осы уақытқа дейін жұмсалған қаржыны яғни жер телімін ресімдеу, геологиялық зерттеу, топографиялық түсірілім, мемлекеттік сарапқа 100 % дайындалған жобалау-сметалық құжаттарды жасауға кеткен қаражатты қайтару мүмкін емес. Алайда осы тоқтатудың басты себебі балалардың қазыналық мекемеде емес нағыз жанұяларда тәрбиленетінін біле отыра біз қатты өкінбейміз.
Осы аталған Балалар ауылы құрылысын орындауға бөлінген қаражат енді жаңа жоба – Ақтөбе қаласындағы денсаулығында ахуалы бар балалар үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхана салуға жұмсалатын болады.

нақтырақ »»
 
Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 117 | 18-12-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер «Астана қаласындағы балалар ауылы» жобасы бойынша жұмыс қызу үстінде.

Қалалық басшылығыпен құрылысқа берілген жер телімі анықталып, периметрі бойынша белгіленді.

Тиісті қызмет жеткізушілерден қажетті барлық техникалық шарттар алынды.

Нысанның нобайлық жобасы дайындалып, қазіргі таңда Астана қаласының қалақұрылысы кеңесімен келісілді. Жобада ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың және жетім балалардың жайлы өмір сүруіне арналған жеңіл және ыңғайлы шешімдер қабылданды.

нақтырақ »»
 
Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 232 | 30-07-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Жетім және әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасы түріндегі Балалар ауылының салынуына «Сәби» Қайырымдылық Қорына Астана қаласында жер учаскесі бөлінгені туралы хабарлағанбыз. Қазіргі кезде біздің қызметкерлеріміз соған қатысты керекті құжаттарды дайындауда.

Оған қоса, құрылысқа жоспарлау мен дайындық кезеңінде көптеген мәселелерді шешу керек болып отыр. Соның бірі – учаскіде инженерлі-геодезиялық және геологиялық іздеулер жүргізу. Казіргі кезде бұл жұмыс орындалды. Топографиялық түсіру мен жер құйқасын зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған барлық ақпарат келесі кезең болатын жоба-смета құжаттамасын жасау үшін аса маңызды.

Хабарларымызды қадағалап отырыңыздар

нақтырақ »»
 
Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 139 | 28-04-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Жылдың басында «Сәби» Қоры Астана қаласында ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, жетімдерге арналған жанұялы типіндегі балалар ауылының салынуы жайлы ауқымды жобаны іске қосты.

Қазір біз Астана әкімінің коммисиясының шешімі бойынша құрылысқа арнайы бөлінген жер аумағына барлық керекті құжаттарды мемлекеттік инстанцияларда дайындаумен айналысудамыз.

Балалар ауылы жетімдер үйіне қарағанда ең жақсы баламалы таңдау болып келеді. Ол жерде шынайы отбасы құрылып, бақытты балалық шақта өскен жеткіншек ертеңгі күніне сеніммен қарай алады.

Достар, біз жобамызды енді бастадық, сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж болып отырмыз. Қосылыңыздар!

нақтырақ »»
 
Бақытты балалық шағымызды бірге салайық!
3 рет көрілді: 167 | 22-01-2014 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Отбасылық түрдегі балалар

Астана қаласында жетім және әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасы түріндегі Балалар ауылын салу жобасының басталғанын «Сәби» Қайырымдылық Қоры қуана хабарлайды.


Бақытты балалық шағымызды бірге салайық!

нақтырақ »»
 




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот