«Балаларға өмір сыйла» SMS » САБИ «Балаларға өмір сыйла» SMS » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»
3 рет көрілді: 585 | 13-12-2011 | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»

Жобаны ұйымдастырушылар мен орындаушылар:
«Сәби» жеке меншік қайырымдылық қоры» Коммерциялық емес ұйым
«ДОМ» қайырымдылық қоры

Жобаның мақсаты:
Қазақстанда емделмейтін аурулармен сырқаттанушы, балаларды шетел емханаларында емдеу және операцияларды қаржыландыруға қаражаттар жинау.

Жобаның іске асырылу мерзімі:
Тұрақты әрекет етуші жоба

Мәселені белгілеу:
Алғашқы қадамдарын жасаған 2002 жылдан бастап «Сәби» қайырымдылық қоры біздің еліміздің көп тұрғындары біле бермейтін бір күрделі мәселеге тап болды.
Бұл қандай да бір себеппен науқастары Қазақстанда емделмейтін емделушілерге сауатты білікті және нәтижелі медициналық көмек көрсету мәселесі. Ондай адамдар арамызда аз емес. Олардың арасында үлкен пайызын балалар алып отыр. Шетелде қымбат ем қабылдау үшін көп адамның қалтасы көтермейді. Мемлекеттік квоталар туралы айтатын болсақ, олардың өзін көбіне тарата бермейді және бағалы уақытын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар талай өмірлерін қия отырып, кейде айлап-жылдап күтуге мәжбүр етеді. Балалардың ауыр кезеңінде көмегін көрсете алмай шырылдаған ата-аналар тұрарға жер таппай мазалары кетеді. Олар өздерінің меншіктерін – пәтерлерін, машиналарын, жиһаздарын сатуға бел буады. Бірақ шетелде бір операцияны немесе толық емдеу курсын өту үшін бұл жеткіліксіз. ?лбетте, отбасының сата алатын мүлкі болса жақсы, өйткені мұндай жағдайларға өмірлік жағдайы қиын отбасылар жиі ұшырап жатады.

Шешу жолдары:
Амалы таусылған ата-аналардың жан айқайын біздің Қор жерде қалдырмайтын. Қысқа уақыт ішінде таныс-жолдастардан және туған-туысқандардан керекті соманы жинаған уақытымыз да болған.
Жағдайды мұқият толығымен зерттеп, талдап шығып, «Сәби» осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұқтаж адамдарға уақытылы, кезегімен және оперативті немесе басқа да көмектің еш тоқтаусыз көрсетілуін қамтамасыз ететін тұрақты Қорды қалыптастыру туралы шешімге келді.

Жобаның жүзеге асырылу тарихы мен сызбасы:
Осы идеяны жүзеге асыру үшін 2007 жылдың ақпан айында «Сәби» қайырымдылық қоры және «Ерікті Мейірімділік Қоғамы» қорымен бірікті. Ұялы телефондарды пайдаланатын және SMS-хабарламалар арқылы көмек көрсету ниетін білдірген азаматтардан қаржылай көмек жинау бойынша «Балаларға өмір сыйла» атты ортақ жоба әзірленген болатын.

«Сәби» қорының Президенті ?сел Тасмағамбетованың қатысуымен үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Телекоммуникация нарығындағы екі ірі бәсекелес компаниялар – Beeline мен K-mobile сауда маркасын ұсынушы «Кар-Тел» және K-Cell сауда маркасын ұсынушы «GSM Қазақстан Қазақтелеком ААҚ» алғаш рет бірігіп бірыңғай 9099 SMS нөмірін ашты, ол арқылы ұялы телефоннан хабарлама жібергеннен кейін жіберушінің теңгерімінен 280 теңге алынып, акцияның арнайы ашылған есепшотына аударылады.

Бұндай акция Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеп еді. Он мыңдаған қазақстандықтар жұмыла бірігіп бұл үндеуге ат салысып қатысты. Осымен 6 жыл бойы «Балаларға өмір сыйла» акциясына БАҚ да, сонымен қатар көпшілік қауымның да қызығушылығы бәсеңдемей жатыр. Өкінішке орай, бүгінгі күнде біздің елімізде емделуге келмейтін балалардың саны күннен күнге асып бара жатыр. Алайда оларға көмек көрсетуге дайын жомарт адамдардың да саны көп болып отыр.

2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА М?ЛІМЕТТЕР БОЙЫНША ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Басты нәтижелер:
Жоба 9 жыл бойы қызмет етіп келеді, Қазақстанның барлық қалалары қамтылған, жиындардың жалпы сомасы
2016 жылдың 20 желтоқсанға қатысты 2 216 378 454 тенге құрады, ҚР әр түрлі қалалары мен облыстарынан 1447 балаға көмек көрсетілді.

 

нақтырақ »»
 




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот