Қайырымдылық шаралары » САБИ Қайырымдылық шаралары » САБИ

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

QIWI - қайырымдылық жарнасына 5 жыл
3 рет көрілді: 234 | 13-04-2016 | Қайырымдылық шаралары

QIWI - қайырымдылық жарнасына 5 жыл Достар!

2011 жылдың сәуір айында «Сәби» Қоры QIWI төлем терминалдары арқылы (ол кезде ОСМП) қайырымдылық жарнаны қабылдау ашты. Бұл мұқтаж адамдарға көмек көрсеткісі келетіндерге өз уақытын кетірмей тез әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Көбінесе қайырымдылық жарнаның аздығына қарамастан 5 жылдың ішінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 1 000 000 теңгеге жетті. Яғни бұл біздің ұстанымызды тағы да дәлелдейді: жиналған әр тенге маңызды және бірге біз күшпіз!

Арнайы шотта сіздерден түскен қаражатты жинап, біздің Қор үлкен мәселелерді шеше алды:

- 2013 жылы Қызылорда қаласының Сәбилер үйіне жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын, балалардың физиотерапиясына арналған арнайы аппарат және массаж жасайтын құралдың жинағы сатып алынды.

- 2013 жылы Алматы облысының Қарақастек ауылының Сәбилер үйіне медициналық аспаптар мен ыдыстарды стерилдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы әуелі-үрмелі шкаф және стерилдендіруге арналған арнайы қорап сатып алынды;

нақтырақ »»
 
QIWI терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы
3 рет көрілді: 409 | 20-05-2015 | Қайырымдылық шаралары

QIWI  терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы Қазақстандағы төлем жүйелерінің жетекші орын алатын QIWI жүйесі өз сайтында мынадай қызықты хабарлама жазды: 2014 жылы «QIWI ақша қалташасы» және «QIWI Терминалдары» арқылы қазақстандықтар қайырымдылық ұйымдарға 78 000 рет төлем жасап, 203 миллион тенгеден астам қаражатты қайырлы іске жаратты. Аталған сандар 2013 жылдың көрсеткіштерінен үш еседен асты.

Төлем терминалдарының бетінде ұсынылған қайырымдылық ұйымдардың ішінде біздің «Сәби» Қоры да бар. Аса қуана айтқымыз келетіні «Сәби» Қорының арнайы шоты үлкен төлемдермен болмасада, QIWI қолданушылардың аса қымбат төлемдермен толтырылып отырады.

Өкінішке орай, төлемдер кімнен келетінін біз білмейміз, өйткені келген түскен қаражат мәліметі аз, сондықтан да әрбір төлеушіге алғысымызды жекеше білдіруге мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ та біздің сайтымыздың беттерінде сіздердің ақжүректік, қайырымдылығыңыз үшін және өмірдің қиыншылықтарын көріп отырғандарға көмек көрсетуден бас тартпағандарға рахметімізді айтудан шаршамаймыз.

нақтырақ »»
 
Сәбилерге арналған жаңа жылдық тосын сый
3 рет көрілді: 236 | 16-01-2015 | Қайырымдылық шаралары

Сәбилерге арналған жаңа жылдық тосын сый Анда – санда, әсіресе мейрам күндерінде балалардың көңіл күйін көтеру үшін бір жолғы көмек көрсеткісі келетін қайырымгер адамдар Қорымызға келіп тұрады. Жаңа жылдың қарсаңында бізге Қазақстандағы кореялық косметикасының дүкендер торабы - THEFACESHOP компаниясы бенефициарларды табу өтінішімен хабарласты.
Біздің тәжірибемізді ескере отырып, керекті бенефициарды табу қиынға соқпады. Біз оларға әлеуметтік осал жанұялардан шыққан 300 жуық кішкентай науқастар емделіп жатқан Алматы облысының "Шымбұлақ" балаларға арналған өкпе ауруына қарсы санаториясына хабарласуға кеңес бердік.

Жаңа жылдық ретінде табыс етілген дамытпалы ойыншықтар балаларға өте ұнады. Бүлдіршіндердің қуанышты күлкісін көруден асқан бақыт жоқ!

Мұқтаж балалардың тағыдырына жаны ашығандарға шын жүректен алғысымызды айтамыз.

нақтырақ »»
 
?рқашан кітаппен!
3 рет көрілді: 637 | 16-10-2013 | Қайырымдылық шаралары

?рқашан кітаппен! ?нтернет технологиясының өрістенуіне байланысты, қазіргі уақытта басым көпшілік, әсірсе балалар көркем әдебиетті аз оқитын болды. Түгелге жуық адамдар әлемдік ғаламторға қосылуға мүмкіншілікке ие. ?рине күрделі ақпаратты ұғынудың орнына, сенсорлы экранға саусақпан жүргізіп, суреттерді ары-бері «созып», онлайн-беттерді ауыстырып немсе жай ғана компьютердің «тышқанын» басып қана қойып отырған қайда қызық емесе па? Бас кейіпкердің тағдырын немесе мәселесін талқылауға қарағанда, одан да қысқа ролик немесе фильм көріп қызықтау оңай ғой.


Осы жағдайдың себебін бірден анықтау қиын. Біздің күдігіміз, адам мен кітаптыңарасында сезіну байланысы жоғалғанына орайболып отыр. Баспалық өнімдер қазір тым қымбаттап, көпшіліктің қолы жетпей қалды. Солай оқыған кезде баспахананың бояуының иісін сезінген кезде, парақтардың сылдырын естігенде, қағаздың сапасын сезінгенде бөленетін рахат жоғалып кетті. Бәлкім оқырмандарды нағыз кітаптармен, газеттермен және журналдармен қайта достатсақ, «әлемдегі ең оқымысты ел» деген атақты қайта алармыз ба?

нақтырақ »»
 
O!Cafe мейрамханасының тәтті көмегі
3 рет көрілді: 643 | 30-01-2013 | Қайырымдылық шаралары

O!Cafe мейрамханасының тәтті көмегі Дүниежүзі бойынша дүр сілкіндіріп келген экономикалық ахуалдық жағдайына қарамастан, көптеген отандық компаниялар қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін аса ұғынып, филантропияның әр түрімен айналысады.

Айтарлықтай белсенділікті көбіне жас бизнесмендер көрсетіп жатыр, олар өз тарапынан қайырымдылық ісін алға тарту үшін түрлі ұсыныстар ойлап тауып жатыр. Солардың бірі ретінде денсаулыққа пайдалы органикалық аспен тамақтандыратын «О!Cafe» мейрамханасының жігерлі де талғампаз командасын атап өтксек болады. Бұл орынның қонақтарына тіл үйірерлік тағамдардан дәм алып қана қоймай, өз денсаулығына күтіммен қараған тұрақты клиенттердің рецептерімен дайындалған жаңа піскен печеньесінен ауыз тиюге мүмкіндік бар.

Алайда, ең басты мақсат бұл жайтқа орайластырылған емес болатын, басты идея болып саудадан түскен ақшаның барлығы «Сәби» Қорының есеп-шотына түсіп, ары қарай Қазақстан Республикасы бойынша қараусыз қалған жетімдерді және әлеуметтік деңгейі төмен жанұялардан шыққан балаларды және мүгедектерді қолдауға жұмсалатын болады.

нақтырақ »»
 

« алдыңғы бет 1 2 келесі бет »




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот