САБИ » Страница 9 САБИ » Страница 9

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

Өмірлік маңызы бар жоба
3 рет көрілді: 190 | 26-10-2016 | Балаларға өмір сыйла

Өмірлік маңызы бар жоба Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Осы жылдар ішінде жобаның арқасында жиналған қаражаттың мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалуға және бақытты өмір сүруге көмегі қаншалықты мол екенін көріп отырмыз.

2016 жылдың 14 қазанына дейін, бүкіл Қазақстан бойынша 1435 бала көмек алды. Төленген операцияның жалпы құны 2 137 352 438 теңге. Жалпы 2033 операция жасалынды (кейбір балаларға операция бірнеше рет жасалынды).

Науқанға қатысу өте оңай. СМС хабарлама ретінде 1 санын 8099 қысқа нөміріне жіберсеңіз сіздің мобильді нөміріңіздің теңгерімінен 280 теңге жоба аясында ашылған арнайы шотқа жіберіледі. Бұл қызмет ACTIV, KCELL және BEELINE абонттеріне ашық. Ұялы байланыстың операторлары ешқандай комиссия ұстамайды, қайырымдылық қаражатыңыз толық аударылады.

Сіздерге жазылып кеткен және сауыға бастаған балалармен олардың ата – анасынан шексіз алғысымыз айтамыз. Меірімді адамға өзгенің ауруы да дерт!

нақтырақ »»
 
Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен
3 рет көрілді: 138 | 19-10-2016 | Білім беру жобасы

Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде өткізілетін бірінші кезең нәтижесі бойынша, түлектер орта білім алғандығы туралы куәлік алады. Ал емтиxанның екінші кезеңі еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін негіз болады.

Мектеп түлектері үшін ҰБТ - олардың болашақтағы мамандықтарын және жоғарғы оқу орнын анықтайтын жауапты да маңызды қадам. Ал емтиxан тапсырудың жаңа үлгісінен алғашқы боп өту - екі есе көңіл толқытарлық жағдай.

"Сәби" Қоры Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардың балалар интернатына бітіру және қабылдау емтиxандарына дайындалуға көмек көрсетеді. Бұл үшін Қор өзін сенімді серіктес ретінде танытқан "Достық" білім беру орталығында білім беру жобасы аясында 1-қазаннан бастап 8 айлық ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастырды.

Біз, 2016-2017 оқу жылының көлемінде қамқорлығымыздағы түлектердің аралық тестілеу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісіп отыратын боламыз және олар емтиxанды лайықты түрде тапсырып өздеріне жұмсалған күш пен артылған сенімді ақтайды деген үміттеміз.

нақтырақ »»
 
Табандылық жоқ жерде дарын да жоғалады
3 рет көрілді: 129 | 11-10-2016 | «Әлем» бағдарламасы

Табандылық жоқ жерде дарын да жоғалады Адамның дарыны мен жігері, әсіресе ол бала болса, әрқашанда ынталандырылуы керек. Бірақ кей-кездері кей жағдайлар сенің лайықты марапаттарға ие болуыңа ғана емес, тіпті өз қабілеттеріңді айналаңа паш етуге, ең біріншіден өзіңе, сонан соң сені қоршаған адамдарға сенің "өз сүйікті ісіңнің шебері" болуға лайықты екеніңді дәлелдеуге кедергі болып жататын тұстары кездеседі. Дәл осындай жағдай талай рет республикалық және xалықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған жас скрипкашы қыз Малика Бектұрованың өмірінде орын алды.

Малика - Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының 8-ші сынып оқушы. Жасының кіші болғанына қарамастан, ол оқу уақытымен қатар, демалыс уақыттарында да скрипкада ойнаудың күн сайынғы жеті сағаттық дайындығына қатысу арқылы балаға жат (немесе үлкендерге тән) табандылық пен ұмтылыс танытады. Ата-анасы қыздарының музыкалық дарынына қолдау көрсетіп, оның еңбегін жетекші-кәсіби музыка мамандары бағалайтындай деңгейге жетуі үшін барын салуда. Бірақ, өкінішке орай, олар биыл Маликаның Санкт-Петербургте өтетін Л.Ауэр атындағы скрипкашылардың Халықаралық байқауына баратын жол шығынын көтере алмады.

нақтырақ »»
 
?леуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 139 | 03-10-2016 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласының балалар үйінің түлектеріне арналған ?леуметтік хатақхананың құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі кезде жалпы саны 80 пәтерді құрайтын 4 тұрғын ғимараттары тұрғызылды. Оған қоса өндірістік жайы бар әкімшілік ғимараты да салынды. Өрт сөндіру насос станциясы мен трансформаторлық подстанцияны салу жұмыстары аяқталды. Ғиаратқа керекті сыртқы коммуникациялар тартылды, ішкіалаңды желілерді жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жатақхананы салу жұмыстары барлық блоктардағы әрлеу жұмыстарымен сыртқы жұмыстарды жүргізу кезеңінде жетті.

Бірнеше айдан кейін әлеуметтік нысанның салтанатты түрде ашылуы болады, бұл деген Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің ондаған тәрбиеленушілері 28 жасқа дейін тұрғын үйлеріне ие болып болашақ ересек және табысты өмірлеріне алғашқы қадамын басады.

нақтырақ »»
 
«Өз ісіңді жаса» сайысы – жарты жылдан кейін (орыс тілінде)
3 рет көрілді: 138 | 26-09-2016 | Жаңалықтар

«Өз ісіңді жаса» сайысы – жарты жылдан кейін (орыс тілінде) ПРО?ЗВОДСТВО ТРУБ ДЛЯ ТЕПЛОТРАСС

Перейти от дилерства к производству пять лет назад решил Адиль Сабырбаев, чтобы оставаться конкурентоспособным на отечественном рынке продажи труб. Сначала компания производила только трубы для водоснабжения, но в том числе, благодаря победе в конкурсе “Построй свой бизнес” им удалось наладить современное производство труб для теплотрасс, которые удовлетворяют нужды строителей не только в Акмолинской и северо-Казахстанской областях, но и по всему Казахстану. О том, как отказаться от импорта в пользу отечественного производства рассказал со-основатель компании ТОО “Кокше Техстрой” Адиль Сабырбаев.

О компании

нақтырақ »»
 

«Инватакси» аймақаралық бағдарламасын «Мүгедектерге – лайықты өмір» әлеуметтік жобасы шеңберінде жүзеге асырудың статистикасы


* статистиканы көру үшін қалалардың белгілерін басу керек




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қараша 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Қыркүйек 2017 (1)
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот