САБИ » Страница 8 САБИ » Страница 8

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

«?лемдіктің» алғашқы рөлі
3 рет көрілді: 94 | 23-11-2016 | «Әлем» бағдарламасы

 «?лемдіктің» алғашқы рөлі 17 қарашада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Сәби» Қорының «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының қатысушысы - Азамат Малышов сахнада алғашқы рет жеке рөл орындады.

?нші Турандот операсының Мандарин партиясын тамаша орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Азамат үшін 2016 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жылы Қазақ ұлттық консерваториясын «вокал» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар студент бола тұрып өзінің вокалдық шеберлігін театрдың хорында арттырып, солистердің қатарларына қосылды.

Біз өз тарапымыздан «әлемдікке» армандаған рольдерін орындап, қойылымдары тек қана аншлагпен өтуіне тілектеспіз.

нақтырақ »»
 
«Өз ісіңді жаса» байқауы ашық деп жариялаймыз!
3 рет көрілді: 131 | 14-11-2016 | Жаңалықтар

2016 жылдың 14 қарашасынан бастап жыл сайын өткізілетін «Өз ісіңді жаса» байқауына өтініштер қабылдана бастайды.

http://entrepreneur.saby.kz сайтына кіріп байқаудың шарттарымен толығырақ танысып және өз видеоөтініштеріңізді жібере аласыздар.

нақтырақ »»
 
Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер
3 рет көрілді: 62 | 09-11-2016 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер Алматы қаласының Наурызбай ауданы Ақжар селосындағы 1200 орынды орта мектептің жобасында құрылыс жұмыстарының 70 % дайын.

Желтоқсан айының басында әрлеу жұмыстарына кірісу үшін қаланың орталандырылған жылу жүйесін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан сыртқы және ішкі бөлмелерді тұрғызуын тездетіп жатырмыз. Оған қоса шыныпакеттер мен радиаторларды барлық 10 блоктарға орнатып жатырмыз.

Құрылыс кезінде мердігерлер тек қана сапсаы жоғары әрі экологиялы таза жергілікті материалдарды қолдануда.

Құрылыс жүрісін көру үшін сілтемені басыңыз

нақтырақ »»
 
Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең
3 рет көрілді: 176 | 02-11-2016 | Білім беру жобасы

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай тестілер олардың белгілі бір қызмет саласына деген қызығушылығын және бейімділігін, сосын естімеген мамандықтарды танып өзінің армандаған кәсібі бойынша мектеп бітірушілер болашағын білуге көмектеседі.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағы 33 балаға өздерінің болашақ мамандығы бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектесу біздің ойымызша зор маңызын тигізеді. Өйткені ол келешекте өмір сүру сапасына әсер етеді. Сондықтан қор жыл сайын екі кезеңнен тұратын кәсіби тестілеу жүргізіп отырады.

Жақында тестілеудің 1 кезеңі аяқталды. Тестілеу арнайы Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де шығарылған компьютерлік тәсілі бойынша «Сәби» Қорының Білім беру жобасының аясында ұйымдастырылған.

?рбір баланың таңдаған мамандығы арқасында өмірі қызықты сәттерге толық болуына тілектеспіз.

нақтырақ »»
 
Өмірлік маңызы бар жоба
3 рет көрілді: 147 | 26-10-2016 | Балаларға өмір сыйла

Өмірлік маңызы бар жоба Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Осы жылдар ішінде жобаның арқасында жиналған қаражаттың мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалуға және бақытты өмір сүруге көмегі қаншалықты мол екенін көріп отырмыз.

2016 жылдың 14 қазанына дейін, бүкіл Қазақстан бойынша 1435 бала көмек алды. Төленген операцияның жалпы құны 2 137 352 438 теңге. Жалпы 2033 операция жасалынды (кейбір балаларға операция бірнеше рет жасалынды).

Науқанға қатысу өте оңай. СМС хабарлама ретінде 1 санын 8099 қысқа нөміріне жіберсеңіз сіздің мобильді нөміріңіздің теңгерімінен 280 теңге жоба аясында ашылған арнайы шотқа жіберіледі. Бұл қызмет ACTIV, KCELL және BEELINE абонттеріне ашық. Ұялы байланыстың операторлары ешқандай комиссия ұстамайды, қайырымдылық қаражатыңыз толық аударылады.

Сіздерге жазылып кеткен және сауыға бастаған балалармен олардың ата – анасынан шексіз алғысымыз айтамыз. Меірімді адамға өзгенің ауруы да дерт!

нақтырақ »»
 

«Инватакси» аймақаралық бағдарламасын «Мүгедектерге – лайықты өмір» әлеуметтік жобасы шеңберінде жүзеге асырудың статистикасы


* статистиканы көру үшін қалалардың белгілерін басу керек




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот