САБИ » Страница 7 САБИ » Страница 7

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

"Сәби" қорының Президенті "Құрмет" орденімен марапатталды
3 рет көрілді: 69 | 19-12-2016 | Жаңалықтар

"Сәби" қорының Президенті "Құрмет" орденімен марапатталдыЖуырда "Сәби" қайырымдылық қорының Президенті Асель Тасмағамбетова өзінің белсенді қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері үшін "Құрмет" орденімен марапатталды. Мұндай құрметті Мемлекеттік марапатты оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады.

14 жылдан астам уақыттан бері ол жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған жанұялардағы талантты балаларға, денсаулығында кінәрат бар балалар мен физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, жас кәсіпкерлерді қолдап келеді.

"Сәби" қорының қызметкерлері, бенефициарлары және серіктестері Асель ?манғалиқызын лайықты Мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған қайырымды істер жолында мол қуат пен жарқын сенім тілейді!

нақтырақ »»
 
Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды
3 рет көрілді: 66 | 17-12-2016 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Сәби» Қайырымдылық Қорының қолдауымен салынған жаңа объект – «Мейірім» жастарды бейімдеу ортылығының (Балалар үйінің түлектеріне аралған әлеуметтік жатақхана) ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының және облысының басшылары, «Сәби» Қорының серіктес құрылтайшысы, меценат Кеңес Ракишев пен кешеннің болашақ тұрңындары қатысты.

Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталған. Тәрбиеленушілердің оқу-тәжірибелік процессін жақсарту үшін жағдайлар жасалған. Осы орайда жобада тігін цехы, аяқ киім жөндеу шеберханас, гүл дүкені, сұлулық салоны, директордың қабылдау бөлмесі, кеңселер, бухгалтерия, акт залы және емдік жаттығуға арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, бірбөлмелі 16 пәтері бар тұрғын корпусы салынды. Оның бірінші қабаты мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Келер жылы көктемде құрылыстың екінші этапын аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындары түгелдей кешенге орналастыру, ғимарат маңын көгалдандыру және спорт алаңқайларын орнату да осы мерзімде жасалмақ.

нақтырақ »»
 
Тәуелсіздік құтты болсын, қазақстандықтар!
3 рет көрілді: 83 | 15-12-2016 | Жаңалықтар

Тәуелсіздік құтты болсын, қазақстандықтар! Өткен 25 жылдың ішінде Қазақстан қиын күндерді бастан кешті: әлемге ұлы даланың рухты ұлты екенін дәлелдеп, табандылығын көрсете білді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – қазақстандықтардың билікке және көшбасшымызға деген сенімінің өскен кезеңі. Отанға деген сүйіспеншілік артып, дәл осындай көпұлтты зайырлы мемлекетте өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиеледі.

Қазіргі таңда қазақстандықтар бейбіт мемлекетте өмір сүріп, халықтың жақсы өмір сүруі үшін жыл сайын жаңа жетістіктерге қол жеткізген елде тұратынын мақтаныш қылып айта алады.
Міне, биыл еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтіп,барлығымыз бірге жарқын келешегімізге қадам басамыз.

«Сәби» Қайырымдылық қоры барлық отандастарды осы маңызды мерекесімен құттықтай отырып, Қазақстанның барша тұрғындарына болашағының гүлденуін, келешегіне нық қадам басар сенімінің артуын тілейді!

нақтырақ »»
 
Жас математиктердің қызықты өмірі
3 рет көрілді: 92 | 07-12-2016 | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің қызықты өмірі 2016 - 2017 оқу жылы "Сәби" Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағылар үшін маңызды әрі нәтижелі өтуде. Олар «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы аясында талантты жас математиктер курсына қатынасып жүр. Бұл курстар қатысушылардың оқу үлгеріміне оң нәтижесін беруде. Оның дәлелі ретінде балалардың алгебра және геометрия пәндері бойынша алғашқы тоқсанды жақсы бағамен аяқтағанын айта аламыз.

Математикаға баулитын бұл курс балалардың қабілетін арттырып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Осы уақытқа дейін 5 адам айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Акежан және Даулет Алибаев есімді ағайындылар Алматы қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебіне оқуға түсіп, олимпиадалық құрамда алдыңғы орындарға ие болды. Курстың келесі оқушысы Даутали Аяжан да Назарбаев интеллектуалды мектебіне физика-математика бағыты бойынша оқуға түсті. Жас математик Темирлан Толепбек Алматы қаласындағы #134 физика-математика бағытындағы гимназияға оқуға түсіп, биылғы жылғы республикалық Жәутіков олимпиадасының финалына жолдама алды.

нақтырақ »»
 
«Сәби» Қоры Атырау қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады.
3 рет көрілді: 147 | 30-11-2016 | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Сәби» Қоры Атырау  қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады. «Сәби» Қайырымдылық Қорының бірден-бір мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасап, үлес қосу. Осы орайда біздің қор Қазақстанның әрбір қалаларында балаларға арналған сапалы әрі заманға сай ойын алаңын салу жұмысына кіріскен болатын. Бүгінде ойынға және спортқа арналған 35 нысана эксплутацияға жіберілді. Демек, бұл жоба 1000 балақайдың өз уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жәрдемін тигізеді деген сөз.

2016 жылдың қараша айында «Спорт – денсаулық – жетістік» атты жоба аясында, спорт және ойын қалашығын салу жөнінде Атырау қаласының әкімшілігімен бірге меморандумға қол қойылды. Ойын алаңының мекенжайы Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде (19) орналасады деп жоспарлануда.

Ал 2017 жылдың мамыр айында аумағы 2000 шаршы метрді алатын Атырау қаласының кішкентай тұрғындары мен жасөспірімдері үшін жаңа әткеншектер мен арқандар, сырғанақ пен брусья, шынығуға арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған спорттық ойын кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл кешенде қимыл-қозғалысқа мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де арнайы жасақталған аумағы бар.

нақтырақ »»
 

«Инватакси» аймақаралық бағдарламасын «Мүгедектерге – лайықты өмір» әлеуметтік жобасы шеңберінде жүзеге асырудың статистикасы


* статистиканы көру үшін қалалардың белгілерін басу керек




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот