САБИ » Страница 3 САБИ » Страница 3

saby.kz

Бугiн: | ENG | РУС

"Сәби" Қоры жайында
3 рет көрілді: 165 | 21-04-2017 | Жаңалықтар

"Сәби" Қоры жайында Мен неге қайырымдылық жұмыстарымен айналысамын және қорды қандай мақсатта аштым? Маған осы сұрақтар жиі қойылады.

Біздің қоғамда қайырымдылық тек пиар үшін жасалады немесе жеке басынан өткергендей қиыншылықты өзгелер көрмесін деген ниетпен жәрдем етеді деген қате пікір қалыптасқан.

Мен үнемі қоғамға пайдалы болуды іштей қажетсінемін. Отбасым мен жақындарымның ғана жанынан табылғаным маған аздық етеді. Сондықтан да қайырымдылықпен айналысамын. Тіпті, сырт көздің мақтауы мен пікіріне мұқтаж емеспін. Барлығын өзімнің ішкі-дүниемнің тепе-теңдігі үшін жасаймын.
?лбетте, бұл қысқа уақыттық қызығушылық емес. Қорда өткізген 15 жыл уақыт қайырымды іске деген құлшынысымды жоғалта алмады. Бұл – ғұмырлық жұмыс деп ойлаймын. Ауру-сырқау жандарды дертінен айықтырар қасиетке ие емеспін, балалық шақтың қызығына қана алмаған жетім-жесірдің жадындағы ауыр естеліктерді де жоюға күшім жетпейді. Тек тағдыры қилы жандардың өмірін жақсартам деген үлкен ықылас пен сенім бар.


Қазір 15 жылдың ішінде атқарылған игі істер мен қор жұмысының келелі еңбегін сөз етуді жөн көрмедім. Бұл бастаудың нәтижесі мен қажеттілігін уақыт көрсететініне сенемін.

нақтырақ »»
 
"?лем" Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастыруда
3 рет көрілді: 120 | 12-04-2017 | «Әлем» бағдарламасы

"?лем" Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастырудаЖас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар аудартқан жас талант Павлодар қаласының тумасы Омар Қуанышев.

Омар қазір К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатында оқиды. Алдағы уақытта ол оқуын П.?.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында жалғастыруды армандайды.

Жас музыкантттың шеберлігіне баға беру танымал музыкант Еркебұлан Сапарбаевқа, сонымен қатар біздің тұрақты сарапшымыз Ренат Гайсинге ұсынылған болатын. Омар аспапты қолға алғаннан-ақ әділқазы алқаларын өзіне қаратып, танымал туындылардың жылдам және қиын бөліктерін жоғары деңгейде орындауының арқасында оң бағаға ие болды. Жас скрипкашының өнерін тамашалағаннан кейін қазақстандық танымал музыканттар бір шешімге келді - ол өз бойындағы таланты мен қабілетін ұштай беруі керек.

Осы үшін де "Сәби" қорының басшылығы Омарды "?лем" бағдарламасының қатысушылары қатарына қосып, оның П.?.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білім алуына көмектесуге шешім қабылдады. Армандар міндетті түрде орындалуы керек!

нақтырақ »»
 
Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.
3 рет көрілді: 126 | 05-04-2017 | «Өркендеу» құрылыс жобасы » Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

нақтырақ »»
 
Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезең
3 рет көрілді: 137 | 29-03-2017 | Білім беру жобасы

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезеңКөктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім қабылдамаған түлектер үшін, мамандық таңдап шешім қабылдауға өте аз уақыт қалды.

«Сәби» қорының білім беру жобасы аясында осы аптада кәсіби бағдарлы балалар ұйымдарының 42 тәрбиеленушісіне демеушілік жасау мақсатында тестілеудің 2-ші кезеңі өткізілді. Бірінші кезең өткен жылдың қазан айында өткен болатын.

Балалардың айтуынша, арнайы тестілеуден өте отыра, олар болашақ дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болған, және олардың мамандықты таңдап жоғары оқу орындарына түсуі үшін кәсіби психолог тің кеңестері көп септігін тигізген.

нақтырақ »»
 
Наурыз мерекесі құтты болсын!
3 рет көрілді: 133 | 18-03-2017 | Жаңалықтар

Наурыз мерекесі құтты болсын!«Сәби» Қайырымдылық Қоры барлықтарыңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Осындай тамаша мерекенің қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

Коктем мезгілінің жаңаруы мен келуін білдіретін Наурыз мерекесі сіздерге күш әкелсін және жаңа бастамаларға сіздерді рухтандырып ақ пейілдеріңізге ұмтылуға қуат берсін.

нақтырақ »»
 

«Инватакси» аймақаралық бағдарламасын «Мүгедектерге – лайықты өмір» әлеуметтік жобасы шеңберінде жүзеге асырудың статистикасы


* статистиканы көру үшін қалалардың белгілерін басу керек




"Өз бизнесіңді жаса"
байқауы


Оқиғалар күнтізбесі

«    Қыркүйек 2017    »
ДүСеСәБеЖұЖкЖе
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Тамыз 2017 (1)
Шілде 2017 (1)
Маусым 2017 (2)
Мамыр 2017 (6)
Сәуір 2017 (4)
Наурыз 2017 (5)

Сіз көмек бере аласыз

«QIWI» төлем терминалы

«Сәби» ҚҚ банкілік есепшот